26
қыркүйек
2025
«АДАЛ АЗАМАТ - АДАЛ ЕҢБЕК - АДАЛ ТАБЫС" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР
Шымкент қаласы білім басқармасының жоспарына сай алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша қалалық оқу - әдістемелік тәжірибе алмасу семинары
Шымкент қаласы білім басқармасының жоспарына сәйкес №68 жалпы орта мектебінде 26.09.2025 жылы "Адал Азамат -Адал Еңбек- Адал Табыс " тақырыбында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін пәндермен кіріктірілген қалалық оқу- әдістемелік тәжірибе алмасу семинары ұйымдастырылды.
Семинар мақсаты:
Мақсаты: Ел Президенті- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеп, «Жас сарбаз» қозғалысын кеңінен дамыту, оның ұлттық деңгейге жеткізу, болашақ ел қорғаушыларын тәрбиелеу бағытындағы тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру. «Адал азамат» тұжырымдамасының идеяларына сай, патриоттық рухта тәрбиелеген, білімді әрі жасампаз ұрпақты қалыптастыру және жасанды интеллектті қолдану арқылы оқу тәрбие үдірісін жетілдіру, тиімділігін арттыру.
Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасы аясында ұйымдастырылған аталмыш қалалық семинар Шымкент қаласы білім басқармасының жылдық жоспарына сай өткізілді. Іс-шараны «АЙҒАҚ» телеарнасы арнайы келіп түсіріп, ақпараттық қолдау көрсетті.
Семинар барысында өткен негізгі іс-шаралар:
• Қонақтарды қарсы алу, көрме және мектеп ішіндегі «Ерлік» мұражайына саяхат;
* «Ерлікке тағзым, рухы биік жас сарбазға өнеге»;
* «Жас инспектор», «Барабаншылар»;
* «SMART BALA» жобасы;
* ҚР Қоғам қайраткері «Қарулы күштер ардагері» РҚБ Шымкент филиалының төрағасы , генерал-лейтенант Онбаев Серікбай Мейірбайұлы атындағы атындағы АӘТД кабинетінің ашылуы.
* Патриоттық бағыттағы жобалар мен ашық сабақтар:
* ҚР Қарулы күштерінің әскери қызмет жарғылары;
* АӘТД пәні бойынша ЖИ платформасын тиімді пайдалану техникасы ;
• ЖИ АӘТД сабағында пайдалану;
• Ядролық физика;
• «Саптан шықпаған сардар» Ардагер С.М.Онбаевпен кездесу;
* «Ұлттық ойын, Ұлт - қазынасы» Асық атудың жалпы ережелері;
* «Адал Азамат – Адал Еңбек – Адал Табыс» ;
•Өнерім – Отаныма;
Семинарға қаламыздың барлық аудандарының білім ұйымдарынан, колледж мұғалімдері жекеменшік мектептерден АӘжТД пән мұғалімдері және қонақтар келді. Шымкент қаласының білім басқармасының әдіскері Назаров Сержан Асқарұлы, Шымкент қаласы Еңбекші,Қаратау аудандары қорғаныс істері жөніндегі басқарма инспекторы Тоқымбаев Спандияр Сайлаубекович, Шымкент қаласы Абай, Әл-Фараби, Тұран аудандары қорғаныс істері жөніндегі басқарма инспекторы Абдықалықова Райгүл Алматқызы семинарға қатысып,өз пікірлерін білдірді.Мектеп ұжымына шығармашылық табыс тілеп, жақсы пікірлерімен бөлісті.
Семинардың қорытынды кезеңі:
Семинар соңында «Адал Азамат – Адал Еңбек – Адал Табыс» атты әскери-патриоттық концерттік бағдарлама ұсынылып, көрермендерге ерекше рух пен әсер сыйлады.
Іс-шараның қорытынды сәті ретінде АӘжТД пәні мұғалімдеріне құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Бұл марапат олардың патриоттық тәрбие берудегі қажырлы еңбектерінің жемісі болды.
Бұл мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары семинар әскери-патриоттық тәрбиенің үздік тәжірибесін насихаттауға бағытталған тағылымды алаң болды.