04
қазан
2025
«Тіл-ұлттың жаны, халықтың қазынасы»
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде 06-10.10.2025ж. аралығында өтіп жатқан «Тіл-ұлттың жаны, халықтың қазынасы» атты онкүндік жоспары аясында, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Н.Шанетова Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толу мерейтойына орай «Аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды» тақырыбында 9"Ә"-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты: алғашқы қазақ ғалымы, фольклорист, әдебиет зерттеуші Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту; Шоқанның еңбектері мен өмірінің кейбір кезеңдерін білуге деген танымдық қызығушылығын, мәнерлеп оқу дағдысын, оқушылардың шығармашылық жұмысқа деген ынтасын арттыру, Шоқанның жан-жақтылығын таныту арқылы бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.


