05
қыркүйек
2022
«Тілім барда-мен бармын» атты он күндіктің жоспар
Мектебізде Қазақстан республикасының тілдер мерекесі күніне арналған 05.09-16.09.2022 ж. аралығында өтетін «Тілім барда-мен бармын» атты он күндіктің жоспары құрылып, бүгін ашылу салтанаты мектеп кітапханасында өтті. Мұнда әдістемелік бірлестік жетекшісі Н.Шанетова сөз алып, қатысушылар мен оқушыларды тілдер мерекесімен құттықтап, он күндіктің жоспарымен таныстырды. Биылғы тілдер мерекесінің ерекшелігі қазақ қоғамында өзіндік орны бар көп қырлы ғалым, парасат иесі, түркітанушы, публицист жазушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, әдебиет зерттеуші Зейнолла Қабдоловтың туғанына - 95, қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафинге 120 жыл, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің – 125 жылдығы аталып өтіледі. Оларды ұлықтау біздің парызымыз. Іс шараның ашылуы 11 сынып оқушысы Абилаш Жанайсаның Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беруімен басталды. Өз тіліміздің қадір – қасиетін ұлықтауда 5-6 сынып оқушылары ақындардың өлеңдерін жатқа оқып, іс-шараға ерекше сипат енгізіп, одан әрі жандандырды. Оқушылардың елге деген, тілге деген құрметін арттыру мақсатында «Тіл – ұлттың негізі» атты бейнежазба көрсетілді. Ашылу салтанатының соңын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ә.Кенжеғұлов қорытындылап, тіл жайлы өлең оқып қазақ тілінің қадір-қасиетін арттыра түсті. Өткізілген іс-шара оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, жас ұрпаққа өзге ұлт тілдерін құрметтеп, өз ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатын қамтыды.









