12
қазан
2025
2 «Ә» сынып жетекшісі К.А. Достаева «Жақшасыз өрнектер және олардың мәнін тиімді тәсілмен есептеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылғы 1–8 қазан аралығында шебер, зерттеуші педагогтардың апталығы өтті.
Апталық аясында 2 «Ә» сынып жетекшісі К.А. Достаева «Жақшасыз өрнектер және олардың мәнін тиімді тәсілмен есептеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында жасанды интеллект құралдары тиімді қолданылып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік жасалды.
Сабақ басында апта дәйексөзі Қ.Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі арқылы байланыстырылып ұсынылды.
Жаңа тақырыпты ашуда «Адасқан әріптер» ойыны қолданылып, оқушылар белсенділік танытты.
Сергіту сәтінде «Менімен бірге қайтала» жаттығуы арқылы оқушылардың зейіні мен сергектігі артты.
Оқушылар бірнеше амалдан тұратын өрнектерді тиімді жолмен шешуді үйреніп, қосудың ауыстырымдылық қасиетін тәжірибе арқылы меңгерді.
Сабаққа оқушылар белсене қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.