Мектебімізде бүгін ерекше форматта, жаңашыл идеялармен өрілген маңызды шара өтті. » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде бүгін ерекше форматта, жаңашыл идеялармен өрілген маңызды шара өтті.
26
қыркүйек
2025

Мектебімізде бүгін ерекше форматта, жаңашыл идеялармен өрілген маңызды шара өтті.

   Мектебімізде бүгін ерекше форматта, жаңашыл идеялармен өрілген маңызды шара өтті.  
"Адал азамат –Адал еңбек- Адал табыс" тақырыбындағы қалалық семинар Алғашқы әскери және техникалық дайындық пәні мұғалімдеріне арналды.  

Семинар аясында Мектеп директоры Гүлнұр Әскербекқызы «АӘжәнеТД пәнінде ЖИ платформасын тиімді қолдану» тақырыбында жаңашыл бағытта ашық сабақ өткізді. Сабақтың ерекшелігі – биылғы оқу жылының әдістемелік нұсқаулығында көрсетілген тың өзгерістермен таныстырудан басталды.  

Мұғалімдер сабақ барысында:  
✅ ChatGPT платформасы арқылы 3 топқа бөлінді;  
✅ Canva платформасы арқылы ноутбукте топтық постерлік жұмыс жасады;  
✅ Quizizz арқылы жеке тест орындап, өз білімін сынады;  
✅ QR-код арқылы WhatsApp чатына қосылып, кері байланыс берді;  
✅ D-ID платформасы арқылы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңін тыңдап, пікір алмасты. 

Сабақтың әр сәтінде белсенділік көрсеткен ұстаздарға жұлдызшалар таратылып, финалда ең көп жұлдыз жинаған қатысушыға Гүлнұр Әскербекқызы өзінің әдістемелік нұсқау кітабын тарту етті. Ал белсенділік танытқан ұстаздарға Абайдың қара сөздері кітабы сыйға берілді.  

Бұл шара – жаңа технология мен ұлттық рухты ұштастыра білген заманауи сабақтың жарқын үлгісі болды. Ұйымдастырушы ұстазымызға және белсенділік танытқан әріптестерімізге алғысымыз шексіз!














Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив