30
желтоқсан
2025
"Жау тылындағы бала"
"Кітап оқитын ұлт жобасы" бойынша тарих және география пәні мұғалімдері Н.Дүйсенбаев пен Н.Серкебаева 7"А" сынып оқушыларымен халық қаһарманы,жазушы Қасым Қайсеновтың"Жау тылындағы бала" повесін оқып талқылады. Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде, Украина жерінде ,жау тылында, партизандар қатарында болған он жасар қазақ баласының басынан кешкен қилы-қилы өмір соқпағы суреттеледі.Бұл шығарма – ерлік пен төзім, отаншылдық пен адамгершілік туралы терең ой салатын туынды. Оқушылар кейіпкермен бірге қуанып, бірге уайымдап, тарихты жүрекпен сезінді.
Мақсаты: балалардың оқуға деген құштарлығын арттыру, көркем әдебиет арқылы ойлау қабілетін, елге деген сүйіспеншілігін дамыту.
Кітап оқыған бала – ойы озық, болашағы жарқын.
Мақсаты: балалардың оқуға деген құштарлығын арттыру, көркем әдебиет арқылы ойлау қабілетін, елге деген сүйіспеншілігін дамыту.
Кітап оқыған бала – ойы озық, болашағы жарқын.






