МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ-95жыл! » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
ақпан
2026

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ-95жыл!

   №68 жоббм қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 9 ақпан күні қазақ поэзиясының асқақ үні, жүрек жыры — Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Қарасаздан шыққан қасиетті сөз» тақырыбында тағылымы терең әдеби-сазды кеш өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты — ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақты патриоттық, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу болды.
Кеш барысында оқушылар ақынның сырлы да шынайы поэзия әлеміне бойлап, өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан әсерлі көрініс көрсетті. Сонымен қатар Мұзбалақ ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, әдебиет пен саз өнерінің үйлесімі кештің мазмұнын тереңдете түсті.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив