02
наурыз
2026
"Алғыс айту-рухани байлық"
№68 жалпы орта білім беретін мектебінің 2"А" -сынып жетекшісі Абуова Гульмира Жақсылыққызы "Алғыс айту-рухани байлық" тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
«Алғыс айту – рухани байлық» тақырыбындағы тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың бойында ризашылық, мейірімділік, сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу қасиеттерін қалыптастыру. Алғыс айту арқылы адам жүрегіндегі жылулық пен жақсылық арта түсетіні түсіндірілді.
Сабақ барысында оқушылар алғыс сөздерінің маңызын талқылады, ата-анаға, ұстазға, достарына және Отанға деген ризашылықтарын білдіруді үйренді. Түрлі ойындар,мақал-мәтелдер, жағдаяттық тапсырмалар арқылы балалардың ойлау қабілеті мен сөздік қоры дамытылды.
Тәрбие сағаты оқушылардың бір-біріне деген сыйластығын арттырып, ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті. Балалар алғыс айтудың адамды рухани байытатынын түсініп, күнделікті өмірде қолдануға талпынды.
Қорытындылай келе, «Алғыс айту – рухани байлық» тақырыбы оқушылардың адамгершілік тәрбиесін дамытуға бағытталған мазмұнды, тәрбиелік мәні зор іс-шара болып өтті.