«Ана – өмірдің тірегі» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
наурыз
2026

«Ана – өмірдің тірегі»

   №68-жалпы орта білім беретін мектебінің 2 "А" сынып жетекшісі Абуова Гульмира Жаксылыковна «Ана – өмірдің тірегі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға ананың өмірдегі орны мен маңызын түсіндіру, анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру, мейірімділікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Іс-шара барысында оқушылар аналар туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, аналарға арналған "Мама", "Анашым анажаным", " Аяулы анашым" әндерін орындады. Сонымен қатар «Ана туралы жылы сөздер», «Анаға тілек» атты шағын ойындар мен тапсырмалар ұйымдастырылды. Оқушылар өз аналарына деген алғыстарын айтып, жүрекжарды тілектерін білдірді.

Тәрбие сағаты өте әсерлі өтті. Оқушылар ананың мейірімі мен еңбегі туралы өз ойларын айтып, ананы құрметтеу, көмектесу керектігін түсінді. Іс-шара соңында оқушылар өз аналарымен бірге дайындаған сыйлықтарын сыныптағы ару қыздарға  ұсынды.

Қорытындылай келе, тәрбие сағатының тәрбиелік мәні жоғары,мазмұнды  болды. Оқушылар ананың қадірін түсініп, ата-ананы құрметтеуге, қамқор болуға тәрбиеленді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив