"Саналы жастар" жобасына қатысушылары "Таза Қазақстан" акциясына қатысуда » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Саналы жастар" жобасына қатысушылары "Таза Қазақстан" акциясына қатысуда
03
сәуір
2026

"Саналы жастар" жобасына қатысушылары "Таза Қазақстан" акциясына қатысуда

   "Саналы жастар" жобасына қатысушы оқушылардың қатысуымен мектеп аумағын көркейту және тазалық жұмыстарын жүргізілді. Бұл "Таза Қазақстан" акциясының – тәрбиелік мәні зор іс-шаралардың бірі. Осы мақсатта оқушылар мектеп айналасын тазалау, көшеттердің түбін қопсыту және ағаш түбін ақтау жұмыстарына белсене қатысты.

Тазалық жұмыстары барысында оқушылар мектеп ауласындағы қоқыстарды жинап, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын түсінді. Бұл жұмыстар олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастырды.

Сонымен қатар, оқушылар ағаштар мен көшеттердің түбін қопсытып, олардың жақсы өсуіне жағдай жасады. Ал ағаш түбін ақтау зиянкестерден қорғап, ағаштың ұзақ уақыт сақталуына көмектесетіні түсіндірілді.

Мұндай жұмыстар оқушыларды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа және табиғатты қорғауға тәрбиелейді. Алдағы уақытта да мектеп аумағын көркейту және таза ұстау жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табады

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив