09
желтоқсан
2021
"Жеңісім ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады"
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында №68 ЖОББМ-де тарих пәні мұғалімі Н.Дүйсенбаев 10 сынып оқушылары арасында "Жеңісім ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады" тақырыбында зияткерлік сайыс сабағын өткізді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Оқушылар зияткерлік сайыс сабағына белсене атсалысып Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері туралы мәліметті көптеп білетіндігін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды 10 "Ә" сынып оқушысы Абуталип Шынар; 2-ші және
3-ші орындарды 10 "Б" сынып оқушылары Бекжасар Таңшолпан мен Қуандық Есіл иеленді. Оқушылар сайыс сабағының қызықты өткендігін айтып Тәуелсіз еліміздің болашағы үшін жақсыға оқып, аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді.