ТӘУЕЛСІЗДІК: ЖҰЛДЫЗДЫ -30 КҮН » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТӘУЕЛСІЗДІК: ЖҰЛДЫЗДЫ -30 КҮН
14
желтоқсан
2021

ТӘУЕЛСІЗДІК: ЖҰЛДЫЗДЫ -30 КҮН

ТӘУЕЛСІЗДІК: ЖҰЛДЫЗДЫ -30 КҮН
Шымкент Білім Басқармасы Шымкент қалалық Білім Басқармасына қарасты 68 мектебінде 13.12.2021ж "Шабыт" дебат клубының жас буын дебатшыларымен және жас мамандар арасында Қ.Р. Тәуелсіздігінің 30 жыл мерекесіне орай ұйымдастырылған "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында 7-10-11 сыныптар қазақ, орыс, ағылшын лигалары арасында мектепішілік кездесу ойындары өтті. Дебат 3 тілде ойнатылды.
Мақсаты: Тәуелсіздікті дәріптеу, оқушылар бойында отансүйгіштік сезімін ұялату.
Дебат барысында ерекше ойындарымен ерекшеленіп Бахытқызы Мадина 10"А" сынып оқушысы "Үздік спикер" атанса, "Үздік оратор" номинациясымен 7"Б" сынып оқушысы Аманбай Мерей марапатталды. Сондай-ақ "Ең мақсатты ойыншы" номинациясымен Рүстемұлы Аян 6"Г" сынып оқушысы; "Ең тапқыр ойыншы " номинациясымен 10 "Б" сынып оқушысы Сегизбаева Ақнұр; "Сенімді ойыншы" номинациясымен 10 "А" сынып оқушысы Али Еңлік; "Ең үздік дебаттық креатив" номинациясымен 11 "Б" сынып оқушысы Байыр Ақерке; "Ең білімді дебатшы" номинациясымен 10"А" сынып оқушысы Әбілаш Жанайса марапатталды.
Ойын соңында мектебіміздің директоры Г.А.Пржанова жеңімпаздарға жас ерекшеліктеріне қарай Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" және Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" кітаптарын сыйға тартты. Жас буын дебатшылар жеңістеріңіз құтты болсын!!! Турнирге қатысқан барлық оқушыларға алғысымыз шексіз!!!
















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив