15
желтоқсан
2021
«Желтоқсан арландарымен кездесу»
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі аясында мұғалім М.Қосыбаева және А.Тюльтебаева ұйымдастыруымен «Желтоқсан арландары» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге 1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасына қатысқан, егеменді еліміздің болашағы үшін алаңға шығып әділдік талап еткен Байкобеков Нурмахан Жакипович, Қапиза Маханқызы, Баратова Гульжан Каратаевна, Алиева Шахзада Тажидиновналар шақырылды. Сол жылдары Алматы қаласында Мемлекеттік театр көркемсурет институтының және де Алматы байланыс техникумының 2-4 курс студенттері болған аға-апаларымыз алаңға шыққан қазақ жастарының мақсаты тәуелсіздікке қол жеткізу екендігін айта келе, желтоқсан оқиғасын көздеріне жас ала отырып, оқушыларға әңгімелеп берді. Бүгінгі Тәуелсіздігіміз оңайлықпен келмегендігін сезінген оқушылар қонақтарға қойған сұрақтарына жауап алып, желтоқсан жайлы өлең оқып берді.
Мектеп директоры Г.А.Пржанова қорытынды сөзінде желтоқсан қаһармандарына алғыс айта отырып, оқушыларды желтоқсан құрбандарын мәңгілік ұмытпауға шақырды.







Мектеп директоры Г.А.Пржанова қорытынды сөзінде желтоқсан қаһармандарына алғыс айта отырып, оқушыларды желтоқсан құрбандарын мәңгілік ұмытпауға шақырды.







