"Ашық сабақ" » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
ақпан
2022

"Ашық сабақ"

  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығында ашық сабақтар тобын 8.02.2022ж.  күні 10 «Б» сыныбында Жанар Жунисова бастады. Ол «Мұхтар Мағауиннің «Шақан-Шері» романының мазмұны мен пішіні» тақырыбындағы сабағын оқушыларды сабақ тақырыбына сәйкес «Аң», «Адамзат», «Табиғат» деп үш топқа бөліп, өткен тақырыпты «Сиқырлы конверт» әдісімен тексерді. Сабақ барысында өз мақсатына сәйкес оқушылар шығарманы түрлі әдістермен  композициялық құрылысына талдап, «Т  кестесіне» салып  романды мазмұны ұқсас басқа шығармалармен салыстырды. Сабақта осылай топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүйелі ұйымдастырылып,  мұғалім «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтар тілі жоқ» деген нақыл сөзбен қорытындылады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив