Іс-шаралар » Страница 17 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"БАҒДАРШАМДАР ЕЛІ" ЕРТЕГІСІ
03
маусым
2025
"БАҒДАРШАМДАР ЕЛІ" ЕРТЕГІСІ
  №68 жалпы орта білім беретін  мектеп жанынан ашылған жазғы лагерьдің мәдениет күніне арналған театрға саяхаты өте әсерлі және мазмұнды өтті. Балалардың жас ерекшелігіне сай "БАҒДАРШАМДАР ЕЛІ" ЕРТЕГІСІ балалардың көңілінен шықты. Балалар театр өнерінің сиқырлы әлемімен танысып, сахнада қойылған қойылымды қызыға тамашалады. Қойылым арқылы олар көшеде жүре ережесін, жол белгілерін, сонымен қатар достық, мейірімділік пен әділдік секілді адами құндылықтардың мәнін терең түсінді.   Театрға саяхат
«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі»
03
маусым
2025
«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі»
  2025 жылғы 30 мамыр – 1 маусым аралығында «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты республикалық  шығармашылық фестивалі    «Қазақстан Республикасының  Ұлттық музейі» РМҚК ұйымдастыруымен өткізілді. Фестивалдің  мақсаты: Ұлттық қолөнер мен мәдени мұраны дәріптеу арқылы жас ұрпақтың бойына рухани – адамгершілік тәрбие беру, ұрпақ санасына салт- дәстүрдің тәрбиелік мәнін сіңіру болды.  Республиканың түпкір- түпкірінен келген жас шеберлер бас қосқан тамаша іс- шара -  «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» 
ЭКО СЕРУЕН
02
маусым
2025
ЭКО СЕРУЕН
   №68 жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан ашылған сауықтыру лагері аптаның алғашқы күнін балалардың таңғы  жаттығудан бастады. Бүгінгі ЭКО СЕРУЕН тақырыбына орай балалар табиғат аясында серуендеп, табиғатты қорғау тақырыбында әңгіме жүргізіп, табиғаттың әсем көрінісін бейнелеп, табиғат аясында түрлі ойындар ойнауды жалғастырды. Балалардың көңіл-күйі өте жоғары болды. Топ аралық ойындар да балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Балалардың табиғаттың адам денсаулығына
"Саналы жастар" жобасының аясында "Кім зерек?" зияткерлік сайысы өткізілді
02
маусым
2025
"Саналы жастар" жобасының аясында "Кім зерек?" зияткерлік сайысы
   №68 жалпы орта білім беретін мектебінде "Саналы жастар" жобасының аясында "Кім зерек?" зияткерлік сайысы өткізілді. Сайысқа қатысушы топ мүшелері белсенділік танытты.  Мақсаты:  -Оқушылардың ой өрісін,  танымдық қабілеттерін дамыту;  -Логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру;  -Топпен жұмыс істеуге,  бір-бірін тыңдауға және өз ойын жеткізе білуге баулу.
1-маусым «Балаларды қорғау» мерекесі қарсаңында  көңілді мерекелік іс-шара өтті
30
мамыр
2025
1-маусым «Балаларды қорғау» мерекесі қарсаңында көңілді мерекелік
  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-маусым «Балаларды қорғау» мерекесі қарсаңында  көңілді мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге  мектеп жанынан ашылған «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің балалары мен  тәрбиешілері қатысты.    Мақсаты: балаларға Халықаралық балаларды қорғау күнінің маңызын түсіндіру, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Достықтарын нығайтып, ән, би арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлау. Іс-шара барысында балаларға арналған
"Өлең,мен сені сүйемін!" Әдеби-сазды байқауы өтті
29
мамыр
2025
"Өлең,мен сені сүйемін!" Әдеби-сазды байқауы өтті
   Мектебімізде бүгінгі 29.05.2025ж.  күні балалар спорт алаңшасында көңілді жаттығу жасаудан бастады. Балаларды топ жетекшілері топтарына алып жоспарға сай жұмыстарын жүргізді. Үйірме жұмыстары, шығармашылық жұмыстардан соң, залда бүгінгі күннің "Өлең,мен сені сүйемін!" Әдеби-сазды байқауы өтті. Тәлімгер А.Ергешов пен жетекшілер Н.Налтаева, А Иманалиевалар әр топтан қатысушыларды ұйымдастырып, байқаудың мақсатымен таныстырды. Мақсаты:  балалардың ана тіліне, әдебиетке, поэзияға деген
"ГҮЛДЕНЕ БЕР, ҚАЗАҚСТАН!"
28
мамыр
2025
"ГҮЛДЕНЕ БЕР, ҚАЗАҚСТАН!"
  Мектебімізде 28-мамыр күні балалар  әдеттегідей лагерьге асыға жиналды. Күн тәртібі бойынша балалардың таңғы жаттығудан басталған  іс-әрекеттері топта жалғасын тапты. Балалар жетекшілерімен бірге танымдық, шығармашылық жұмыстар жасап, үйірме жұмыстарына барды. Жоспар бойынша Шығармашылық күннің  "ГҮЛДЕНЕ БЕР, ҚАЗАҚСТАН!"тақырыбына арналған қолөнер байқауынан топ арасында сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру,  Қазақстанның мәдениетін, тарихын,
"Біз жүйрікпіз, шапшаңбыз!" тақырыбында эстафеталық жарыс өткізілді
27
мамыр
2025
"Біз жүйрікпіз, шапшаңбыз!" тақырыбында эстафеталық жарыс өткізілді
   №68 жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан ашылған "БАЛДӘУРЕН" жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын жалғастыруда. 27-мамыр күні балаларды топ жетекшілері қарсы алып, таңертеңгі жаттығуды дене шынықтыру пәні мұғалімі С.Саймасаева таза ауада  өткізді. Топқа келген соң балалармен танымдық сабақ пен, шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі Денсаулық күніне орай топ арасында  "Біз жүйрікпіз, шапшаңбыз!" тақырыбында эстафеталық жарыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту,
"БІЛІМІМ -ОТАНЫМА" жалпы ата-аналар есеп беру жиналысы
27
мамыр
2025
"БІЛІМІМ -ОТАНЫМА" жалпы ата-аналар есеп беру жиналысы
   Мектебімізде  жалпы ата-аналар жиналысында "Білімім-Отаныма" атты қорытынды концерт беріліп, "Жыл үздігі" оқушылары мараптталды. Мақсаты: Оқушылар арасынан ерекше ойлай білетін, интеллектуалдық және рухани -танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстаным бар, шығармашыл дарынды, спорт жүлдегерлерін марапаттау.
«Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер» байқауы
27
мамыр
2025
«Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер» байқауы
  №68 жалпы орта білім беретін мектебінде  құрылған  «Саналы жастар»  жобасы жоспарына  сәйкес  «Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер»  атты  байқау  ұйымдастырылды.     Мақсаты: Жастардың  бойындағы  жан-жақты өнер  қабілеттерін  анықтау  және  дамыту, қатысушылардың  шығармашылық  әлеуетін  арттыр, өз  өнерін  еркін  көрсетуге  мүмкіндік  беру.    Байқау  үш  кезеңнен  тұрды: І кезең  Мәнерлеп  оқу; ІІ кезең «Жол қауіпсіздік  ережесі»  бойынша  театрландырылған  көрініс  қою; ІІІ кезең  «Ән»