Іс-шаралар » Страница 41 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ"  тақырыбында тәрбие сағаты
18
қараша
2022
"Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында тәрбие
    5"А" сынып жетекшісі Ж.Калмурзаева және 5"Ә" сынып жетекшісі Г.Ускенбаева "Қатыгездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ"  тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты, оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат бере отырып, әдепті де, тәрбиелі тұлға болып өсуіне ықпал ету.
"БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР" АТТЫ АПТАЛЫҚ ӨТКІЗІЛДІ
18
қараша
2022
"БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР" АТТЫ АПТАЛЫҚ ӨТКІЗІЛДІ
    Тарих және география бірлестігі "Білім көкжиегіндегі жаңа мүмкіндіктер" тақырыбында апталық өтті. Бірлестік мұғалімдері Н.Серкебаева және М. Исашова 9"Б"сынып оқушыларымен "Өлкетану мұражайына саяхат" тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты, мұражай туралы толық мағлұмат беру және тарихи дерек көзі ретіндегі маңызын айқындау. Оқушыларға Отаншылдық, ұлтжандылық, эстетикалық тәрбие беру  және мәдени құндылықтарымызды қастерлеп, өскелең ұрпаққа насихаттау.
"ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР"
18
қараша
2022
"ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР"
   20 қараша - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ" атты Республикалық онкүндік аясында, «ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР» тақырыбында 5-8 сынып оқушыларының арасында шығармашылық көрме ұйымдастырылды. 
"БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ" АПТАЛЫҒЫ
18
қараша
2022
"БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ" АПТАЛЫҒЫ
"Бала құқығы - адам құқығы" апталығы аясында қазақ тілі пәні мұғалімі Н.Шанетованың ұйымдастыруымен 10«Б» сыныбында "Менің құқығым!" тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды. Эссе жазудағы мақсат, оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.
"ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ—МӘНШҮК"
17
қараша
2022
"ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ—МӘНШҮК"
 "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп кітапханасында, Мәншүк Маметованың 100 жылдығына орай, «Қазақ даласының қайсар қызы— Мәншүк» библиографиялық шолу іс-шарасын кітапханашылар Х.Қуашбаева, Л.Лауланбекова және 8"б" сынып жетекшісі Г.Саугановалар ұйымдастырып өткізді. Оқушылар Кеңес Одағының батыр қызы Мәншук Маметованың өмірбаянымен танысып, батыр қыздың ерлігін еске ала отырып, ерлік туралы өлең тақпақтар айтып, өздерінің оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті.
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
17
қараша
2022
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапхана активтері, 9«Г» сынып оқушылары Сейдуалы Жібек және Төребек Алтынай 4«В» сынып оқушыларымен «Тіл мен маймыл» ертегісін оқып талқылады. Оқушылар ертегіні оқып, кейіпкерлерді сомдай отырып, дауыс ырғағын салып ертегі туралы өз ойларын ортаға салды.
"БІЗ, БӘРІМІЗ ДОСПЫЗ!" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
17
қараша
2022
"БІЗ, БӘРІМІЗ ДОСПЫЗ!" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
     Мектеп директоры Г.А.Пржанова және мектеп психологтары Г.Жұмахметова, Г.Сахидқызы мектебімізге жаңадан келген оқушылармен “Біз, бәріміз доспыз!” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.Тренингті өткізудегі мақсат: жаңадан келген оқушылардың мектепке, сыныбына тез бейімделіп , барлық сыныптастарымен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар, достықты бағалай білуге үйрету.
15-қараша Ұлттық валюта күніне орай,  Тәрбие сағаты өткізілді
17
қараша
2022
15-қараша Ұлттық валюта күніне орай, Тәрбие сағаты өткізілді
15-қараша Ұлттық валюта күніне орай 2 «В» сынып жетекшісі М.Қилыбаева тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен оқушыларды таныстыра отырып, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
"ЖАУАПТЫ АДАМ БОЛУ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
16
қараша
2022
"ЖАУАПТЫ АДАМ БОЛУ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
    Мектеп директоры Г.А.Пржанова 11-сынып оқушыларымен «Жауапты адам болу» тақырыбында тренинг сабақ өтті. Тренинг өткізудегі мақсат, оқушылардың қоғам алдындағы өзіне жүктелген жауапкершілікті орындауын, ісінің сәтті болуы, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болуын түсіндіру.
«Қыз Жібек» клубының тренингі өткізілді
16
қараша
2022
«Қыз Жібек» клубының тренингі өткізілді
    «Қыз Жібек» клубының төрайымы М.Қосыбаева және мүшелері 6,7,9 әскери сынып қыздарымен тренинг өткізді. Тренинг өткізудегі мақсат қазіргі таңда өмірдің үнемі өзгеріп, қоғамның үздіксіз дамып отырған шағында ақыл-ойы озық, білімі мен біліктілігі жоғары, ұлттық рухы күшті жастарды тәрбиелеу.