Іс-шаралар » Страница 52 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім"
14
желтоқсан
2022
"Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім"
   5"Д" сынып жетекшісі Н.Серкебаева "Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру, елін, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға, оны гүлдендіруге күш қуаты мол жастарды тәрбиелеу. 
"МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАЙ БІЛЕЙІК" АТТЫ ТРЕНИНГ
14
желтоқсан
2022
"МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАЙ БІЛЕЙІК" АТТЫ ТРЕНИНГ
     Мектеп педагог-психологы К.Б.Жолдас 10 «Б» сынып оқушыларымен  «Мамандықты дұрыс таңдай білейік» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру.
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ, ҚАЗАҚСТАН-ЖҮРЕГІМ"
14
желтоқсан
2022
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ, ҚАЗАҚСТАН-ЖҮРЕГІМ"
   Оқушыларды елін, Отанын сүюге егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу мақсатында 9 «Г» сынып жетекшісі Т.О.Абдрашова сыныбында «Тәуелсіздік - тұғырым, Қазақстан-жүрегім» атты тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатында оқушылар өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастырып,  желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым көрсетті.
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
13
желтоқсан
2022
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
    Оқушылардың Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында 2 "В" сынып жетекшісі М.Қилыбаева, ата-анасы Шерхан Еркеғалимен біріге отырып, "Тәуелсіздік-тұғырым" атты тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатында оқушыларға тәуелсіздік туралы толық мағлұмат беріліп, тәуелсіздік оңай жолмен келмегендігі туралы мәлімет беріп, видео слайдтар көрсетіліп, сұрақ-жауап жүргізіліп, тақпақтар айтылды.
"АРУ ЕРКЕМ-БҰРЫМЫҢМЕН КӨРКЕМ" БАЙҚАУЫ
13
желтоқсан
2022
"АРУ ЕРКЕМ-БҰРЫМЫҢМЕН КӨРКЕМ" БАЙҚАУЫ
     Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын... деп Абай атамыз жырлаған, қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты бұрымды қыздарымыздың «Ару еркем—бұрымыңмен көркем» атты мектепішілік байқауда қос бұрымымен ерекше көзге түскен №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 11«А» сынып оқушысы Бибінұр Қанат 1-орын, 9«Г» сынып оқушысы Мерей Төледияр 2-орын, 9«А» сынып оқушысы Ұлжалғас Пердебек 3-орын иеленіп, мадақтамамен марапатталды.
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ, ҚАЗАҚСТАН-ЖҮРЕГІМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
13
желтоқсан
2022
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ, ҚАЗАҚСТАН-ЖҮРЕГІМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
  9 "А" сынып жетекшісі Ғ.Абдусаметова оқушыларымен бірге "Тәуелсіздік-тірегім, Қазақстан-жүрегім" атты тәрбие сағатын өтті. Сабақ барысында оқушылар тәуелсіздікке жету жолдары, Қазақстанның жеткен жетістігі туралы видео көріп, өлеңдер оқып, сұрақтарға жауап беру арқылы пікірлерімен бөлісті.
«ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ  ЖАҚСАРТУ» ТРЕНИНГІ
13
желтоқсан
2022
«ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЖАҚСАРТУ» ТРЕНИНГІ
   Мектеп психологы Г.М.Шынтаева  8 «Б» сынып оқушыларымен "Қарым-қатынасты жақсарту" тақырыбында тренинг жүргізді. Тренингтің мақсаты,  айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасып,  өзімен де басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалыптастыру.
"Б.П. Экономикадан қарағанда экологияға көбірек көңіл бөлу керек д.е" тақырыбында мектепішілік дебат өткізілді
12
желтоқсан
2022
"Б.П. Экономикадан қарағанда экологияға көбірек көңіл бөлу керек д.е"
  Мектебімізде 9 "А" сынып оқушыларының қатысуымен АПФ форматында "Б.П. Экономикадан қарағанда экологияға көбірек көңіл бөлу керек д.е" тақырыбында мектепішілік дебат өткізілді. Ойын барысында оппозиция фракциясының  лидері Раушанбек Марал және спикері Қуандық Балауса өздерінің өткір ойлы, сөзге шешен екендіктерін көрсете білді.
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
12
желтоқсан
2022
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
   8 "А" сынып жетекшісі Г.П.Сагинбекова сыныбында  "Тәуелсіздік-тірегім" атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындырумен қатар, патриоттық, Отансүйгіштік сезімдерін дамытуға және ел бейбітшілігін сақтау жолында өз үлестерін қосуға шақырды.
"АҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗ"
10
желтоқсан
2022
"АҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗ"
   Мектеп директоры Г.А.Пржанованың ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ж.Әбибулла әріптестерімен бірге Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен Аңыз» роман-диалог кітабын жан-жақты талқылады.