Іс-шаралар » Страница 53 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
10
желтоқсан
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
   "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8"Г"сынып оқушысы Рахимбердиева Аяна 7"Ғ"сынып оқыушыларына қаhарман қолбасшы әрі көрнекті қаламгер Бауыржан Момышұлының кітаптарынан үзінділер оқып талқылады. Оқушылар үзіндіден алған ойларымен бөлісіп, өзара пікірталасты.
"ТАЛАБЫ МЕН ЕҢБЕГІ ЕКІ ЖАҚТАП..." АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
09
желтоқсан
2022
"ТАЛАБЫ МЕН ЕҢБЕГІ ЕКІ ЖАҚТАП..." АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
     Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Абдуллаеваның ұйымдастыруымен 6"Б" сынып ұл балалар арасында "Талабы мен еңбегі екі жақтап..." атты білгірлер сайысы өткізілді. Сайыста оқушылар сабақтан алған өз білімдерін, ой ұшқырлығын, шапшаңдығын, ұжыммен біріге істеген жұмыстың нәтижесін көрсетті. Сабақ барысында оқушылар топ-топқа бөлініп, 1-орын "Ойшылдар", 2-орын "Қыран", 3-орын "Самұрық" тобы иеленді. Мектеп директоры жеңімпаздарды құттықтап, мадақтамамен марапаттады.
"АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК"
08
желтоқсан
2022
"АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК"
  Тарих пәні мұғалімі Н.Е.Серкебаева Құқық пәнінен 9"А" сынып оқушыларымен "Азаматтық құқықтағы міндеттемелер мен жауапкершілік" тақырыбында Lesson study өтті. Сабақта "Кім жүйрік" ойыны, өзіндік, жұптық және топтық жұмыстар жүргізіле отырып, азамматтық құқықтағы міндеттемелер мен жауапкершілік және оны қамтамассыз ету әдістері туралы түсіндірме берілді.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
08
желтоқсан
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
   «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 5"Б" сынып жетекшісі Әбдіқалық Жансая оқушыларымен Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын оқып, "Шеше мен бала" әңгімесіне ерекше тоқталып, өзара талқылады.
"САЛТ-ДӘСТҮРІМ ТАУСЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҒЫМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
07
желтоқсан
2022
"САЛТ-ДӘСТҮРІМ ТАУСЫЛМАЙТЫН БАЙЛЫҒЫМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
   Оқушыларды халқымыздың рухани байлығын игеруге,  ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу, ұлттық  құндылықтардың өзіндік үлгі өнегесін балалар бойына сіңіру, өз ұлтына,  әдеп-ғұрып , салт- дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 8«Б» сынып жетекшісі Г.Сауганова оқушыларымен "Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым" тақырыбында тәрбие сағатын  өткізді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар өздерінің дайындаған ән,
"Абай жолы" роман - эпопеясы бойынша ашық сабақ өткізілді.
06
желтоқсан
2022
"Абай жолы" роман - эпопеясы бойынша ашық сабақ өткізілді.
   Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі М.А.Қосибаева 9«А» сынып оқушыларымен М.О.Әуезовтың "Абай жолы" роман - эпопеясы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақ барысында бейнебаяннан көрініс көрсете отырып, сұрақ - жауап, кітаппен жұмыс жүргізілді. Сабақтың мақсаты, «Абайды тани алмаған қазақ, дүниені де танып жарытпайды», -деген мақсатта Абайдың адами қасиеттеріне тоқтала отырып, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, өз бетімен іздене білуге, ой қорыта білуге жетелеу...
"СЫРҒАЛЫ СЫРЛАСЫМ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
03
желтоқсан
2022
"СЫРҒАЛЫ СЫРЛАСЫМ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
   Мектеп психологы Жұмахметова Гүлмира мен география пәні мұғалімі Исашова Мақпал 10 «Ә» сыныбының қыз балалары мен аналарына “Сырғалы сырласым” тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: анасы мен қызының қарым - қатынасын нығайту, бір - бірімен жақсы сырлас, дос бола білуге ықпал ету. Тренинг барысында сауалнама алынып, ана мен қызының бір-бірін түсіне білуге, сырласуға және осы өмірде бар болғандары үшін алғыс айтуға арналған жұмыстар жүргізілді.
"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" БАУҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
03
желтоқсан
2022
"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" БАУҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
   Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын...  деп Абай атамыз жырламақшы қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар  арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтіп өсіруге деніміз мән бере бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды
Lesson study сабағы өткізілді
01
желтоқсан
2022
Lesson study сабағы өткізілді
   9 «А» сынып оқушыларымен биология пән мұғалімі Нурпейсова Ләззат Lesson study сабағын өтті. Сабақтың тақырыбы "Нейронның түрлері мен қызметтері. Жүйке ұлпасының қызметі. Синапстар және медиатор". Сабақта өзіндік, жұптық жұмыс, сәйкестендіру, тест тапсырмалары орындалып, оқушылар белсене қатысты.
"АШЫҚ ЕСІК КҮНІ" ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
01
желтоқсан
2022
"АШЫҚ ЕСІК КҮНІ" ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
   Мектеп және ата-ана байланысын жүйелі жолға қойып, ынтымақтасты нығайту, ата-аналарға жаңартылған білім мазмұнының тиімділігін түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы №68 жалпы орта мектебінде қараша айының 29 күні 7"ә"-сынып ата-аналары үшін "Ашық есік күні" шарасы өтті. Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі М.А.Қосыбаева "Постулаты здоровья" атты сабағын өтті. Сабақта бейнебаян көрсетіліп, оқушылар өз ойларын айтты.