1-ҚЫРКҮЙЕК — БІЛІМ КҮНІ! » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2022

1-ҚЫРКҮЙЕК — БІЛІМ КҮНІ!

1-ҚЫРКҮЙЕК — БІЛІМ КҮНІ! 

Мектебімізде Білім күніне арналған «БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ! " тақырыбында салтанатты іс-шара болды.Тағы бір жас бүлдіршін білім бұлағынан сусындауға үлкен үмітпен аяқ басты. Мектеп ауласы жүздерінде 
нұр ойнаған ата-аналармен олардың жетегіндегі бүлдіршіндерге толды. Ал ұстаздар қауымы өз шәкірттерімен жылы жүзбен қауышты. Биылғы 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияландығы бізге мәлім.  Білім алушылар атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың,  игілігін міндетті түрде көру үшін ұстаздарға үлкен міндет жүктелген. Сондықтан ұстаздар 
басты бағыттарды негізге ала отырып жұмыс жасауды алға қойды. Іс – шараны мектеп директоры Г.А.Пржанова ашып, өткен оқу жылындағы жеткен жетістіктер мен атқарылған жұмыстарды қорытындылап, биылғы оқу жылының мақсат- міндеттеріне тоқталды. Білім нәрімен сусындауға келген жас бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Іс-шараға келген қонақтар кезегімен сөз алып, оқушылар мен ұстаздарды білім күнімен құттықтады. Салтанатты жиын оқушылардың мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған жастар мен ата-аналарға, жалпы ерекше көңіл-күй сыйлады.










Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив