19
қазан
2022
"САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!"
Салауатты өмір салты дегеніміз - денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қаматамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау, денсаулыққа жағымсыз әрекеттерден аулақ болу екендігін жете түсіндіру мақсатында №68 мектепте «Салауатты өмір салтын қолдаймыз!» тақырыбында «Қыз Жібек» ұйымының кезекті жиналысы өткізілді. Жиналыста әртүрлі мәселелер талқыланып, қазіргі таңда қыздар арасында қызығушылық оятып жатқан электронды темекінің денсаулыққа зияны туралы айтылды. Электронды темекі өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин жеткізетін темекінің жаңа түрі болып, денсаулыққа өте зиян екендігі айтылып, қыздарға өздерін аулақ ұстау керек екенін «Қыз Жібек» ұйымының төрайымы М.Қосыбаева ескертті.







