“НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ” АТТЫ ҚОЛӨНЕР БАУҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ Көркем еңбек пәні мұғалімдері З.Аблаева және А.Куатованың ұйымдастырумен, 5-6 сынып оқушылары арасында "Наурыз - жыл басы" атты сурет, қолөнер байқауы ұйымдастырылды. Максаты: оқушыларға ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрімізді насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, шеберліктерін шыңдап, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
“КӨШБАСШЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ Мектеп директоры Г.А.Пржанова 11-сынып оқушыларына “КӨШБАСШЫ” тақырыбында тренинг жүргізді. Тренингтің мақсаты: бітіруші сынып оқушыларына үлкен өмір жолына бастау алдында жауапкершілік таныту, талапшыл болу, өз ісіне жауапты болып, көшбасшылыққа ұмтылудағы адам бойында болу керек қасиеттерді білу.
«АЛҒЫС АЙТУ- ПАРЫЗЫМ!» Алғыс айту күні – бірлік пен достықтың, мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі. Мектебіміздің алғыс айту күніне орай 2«Г» сыныбының «Арайлы атамекеніме мың алғыс!» тақырыбындағы құттықтауын қабыл алыңыздар. Құрметті әріптестер, ата-аналар және оқушылар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтаймыз! Әрқашан бір-бірімізге қолдау көрсетіп, жылы лебіз - ықыласымызды білдіріп, алғыс айта
"МЕНІҢ ҚИЯЛЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жунисова Жанар Масакбаевна 5 «Ә» сынып оқушыларымен «Менің қиялымдағы Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты, оқушылардың бойына ұлттық құндылықты дамыту, адамдық диқаншысын дәріптеу. Отанын, елін, жерін құрметтеуге баулу.
"ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ Информатика пәні мұғалімі Г.Асанбаева 5«Б» сынып оқушыларымен «Қауіпсіз интернет» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушылардың интернет туралы толық ой пікірін қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін нығайту, шығармашылыққа баулу.
"ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПТІ ОЙЫНДАР" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛДІ Мектеп психологы Гүлмира Жұмахметова интернет желісіндегі оқушыға қауіп тудыруы мүмкін кейбір ойындар туралы анықтап, оның алдын алу мақсатында “Желідегі қауіпті ойындар” тақырыбында 5 “Д” сынып оқушыларына психологиялық түсіндірме жұмысын жүргізді.
"МЕНІҢ ҚИЯЛЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ Тарих пәні мұғалімі Ж.Дәулетова 5"Г" сынып оқушыларымен "Менің қиялымдағы Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты, жас жеткіншектерді Отанын қорғайтын, шексіз құрметтейтін адал ұрпақ етіп тәрбиелеу. Еліміздің көк туы ашық аспанда желбірей берсін!!!
"УНИВЕРСИТЕТ — АРМАНЫМА БІР ҚАДАМ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ Кәсіптік бағдар беру пелагогы С.Анаркулова 9«А» сынып оқушыларына «Университет- арманыма бір қадам» атты тренинг сабақ өткізді. Сабақ барысында педагог оқушыларға Қазақстандағы университеттер туралы толық анықтама беріп, түсіндірме жұмысын жүргізді.