Оқушыларға » Страница 18 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
«АЛТЫН ЖҮРЕК»
27
ақпан
2024
«АЛТЫН ЖҮРЕК»
АЛҒЫС-БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ! Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін  мектебінде «АЛТЫН ЖҮРЕК» республикалық челленджі алғыс айту күніне орай, мектеп оқушылары арасында бір-біріне деген, ұстаздарға, ата-аналарына деген алғысын білдіру мақсатында ұйымдастырылды.Оқушылар белсенді қатысуда, басқа да оқушыларға челленджді жалғастыруға шақырамыз! Челлендждің мақсаты: оқушылардың бойында адамгершілік, қамқорлық,мейірімділік қасиеттерін ояту.
"ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ОН ҚАДАМ"
27
ақпан
2024
"ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ОН ҚАДАМ"
"ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ОН ҚАДАМ" Мектебіміздің 5 "Г" сынып оқушылары жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы мағлұматтар берді.   Жер сілкінісі- геологиялық құбылыс. Олар кез келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер қойнауында - жер сілкіну ошағы қалыптасады. Сақтанып жүрейік!.
«КИБЕРБУЛЛИНГ, БУЛЛИНГГКЕ ТОСҚАУЫЛ  ҚОЯЙЫҚ!»
27
ақпан
2024
«КИБЕРБУЛЛИНГ, БУЛЛИНГГКЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЯЙЫҚ!»
«КИБЕРБУЛЛИНГ, БУЛЛИНГГКЕ ТОСҚАУЫЛ  ҚОЯЙЫҚ!» тренингі Педагог-психолог  Г.М.Шынтаева  7-сынып  оқушыларына «КИБЕРБУЛЛИНГ, БУЛЛИНГГКЕ  ТОСҚАУЫЛ ҚОЯЙЫҚ!» тақырыбында тренинг жүргізді. Мақсаты, «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу, буллингке тап болғандағы жағдайда бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте,
"БІЗДІҢ СЫНЫП"
24
ақпан
2024
"БІЗДІҢ СЫНЫП"
"БІЗДІҢ СЫНЫП" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ  Мектеп психологы Г.Жұмақметова  5”Г” әскери сынып оқушыларының өзара түсіністігін арттыру мақсатында, “Біздің сынып” тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Тренингте оқушылар тапсырманы дұрыс орындауға тырысып, ойындарға қызығушылықпен қатысты.
"ВЕЙП ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ НЕСІМЕН ҚАУІПТІ"
22
ақпан
2024
"ВЕЙП ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ НЕСІМЕН ҚАУІПТІ"
"ВЕЙП ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ НЕСІМЕН ҚАУІПТІ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ  11«Ә» сынып жетекшісі Л.Нурпейсова оқушыларына «Вейп электронды темекі несімен қауіпті?» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Вейп құрамындағы пропиленгликоль ағзада жиналып аллергиялық реакцияларды қоздырады. Бауыр мен бүйрекке зиянын тигізеді. Акролеин көздің шырышты қабатына әсер етсе формальдегид жүйке жүйесіне әсер етеді. Никотин қатерлі ісік ауруына шалдықтырады. Ал бір вейпті бірнеше адам пайдаланған жағдайда гепатит,
«НЕЙРОЖАТТЫҒУЛАР»
22
ақпан
2024
«НЕЙРОЖАТТЫҒУЛАР»
«НЕЙРОЖАТТЫҒУЛАР» Мұғалім-логопед Р.Е.Ашықбаева мен Ғ.П.Сагинбековалар "Ерекше білім беруді қажет ететін" оқушыларымен  түзету-дамыту  сабағын жүргізді.  Мақсаты: нейрожаттығулар ми қабыршағының оң және сол жақ бөліктерін дамыта отырып,  баланың сөйлеу тілін, математикалық қабілетін,  ынтасын, зейінін, қиялын, есту және тыңдау қабілеттерін дамыту.
"Жүзден -жүйрік, мыңнан-тұлпар"
22
ақпан
2024
"Жүзден -жүйрік, мыңнан-тұлпар"
"Жүзден -жүйрік, мыңнан-тұлпар" атты сайыс сабақ өткізілді  Мектебіміздің орыс тілі пәні мұғалімі Өмірбаева Айгул мен информатика пәні мұғалімі Қадыркулова Роза 8«Ғ» сынып оқушыларымен "Жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар" атты сайыс сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар 3-топқа бөлініп, бірнеше бөлімнен тұратын тапсырмаларды орындады. Бұл басқа да пәндермен байланысты сабақ болды. Қазақ тілі, орыс тілі, логикалық сұрақтар, информатика тапсырмалары орындалды. Сергіту сәтіне қазақтың ұлттық ойыны
"ЖАМБЫЛ — ЖҮЗ ЖАСАҒАН БӘЙТЕРЕК"
22
ақпан
2024
"ЖАМБЫЛ — ЖҮЗ ЖАСАҒАН БӘЙТЕРЕК"
"ЖАМБЫЛ — ЖҮЗ ЖАСАҒАН БӘЙТЕРЕК" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ  10 "Б" сынып жетекшісі Абибулла Жанат Қаленқызы Жыр алыбы - Ж.Жабаевтың туылғанына 178 жыл толу мерейтойына орай "Жамбыл- Жүз жасаған бәйтерек" тақырыбында сабақтан тыс тәрбие сағатын өткізді.  Мақсаты: Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, оқушыларға сөз өнерін қастерлеп, қадірлей білуге, ұлтжандылық сезімін оятып, өз елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.
"BRITISH BULLDOG"
22
ақпан
2024
"BRITISH BULLDOG"
"ДАРЫН ЛЭНД" интеллектуалдық орталығы ұйымдастыруымен "BRITISH BULLDOG" онлайн олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға қатысқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің  4“А” сынып оқушысы Спандияр Бикелді және 4"Ә" сынып оқушысы Жақсылық Жеңіс І орын иеленіп, дипломдармен марапатталса, ағылшын тілі пәні жетекшісі Ергешев Асан Жаксиликович алғыс хатпен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
«СӘТТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС»
22
ақпан
2024
«СӘТТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС»
«СӘТТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС» АТТЫ ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ Мектеп директоры Г.А.Пржанова, педагог - психолог Г.М.Шынтаева 9 «А» сынып  оқушыларына  «Сәтті қарым-қатынас» тақырыбында тренинг жүргізді. Мақсаты: оқушылардың  кез-келген жағдайда сәтті қарым-қатынасты сақтауға ұмтылу, жақсы  қарым-қатынастың бастауы әрбір адамның  өзінен  басталатынын түсіндіру.