Оқушыларға » Страница 22 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Алғыр оқушы”
08
ақпан
2024
“Алғыр оқушы”
Мектебіміздің педагог-психологы Гүлмира Жұмахметова және практикант Санағұлова Ақниет 3 “А” сынып оқушыларымен “Алғыр оқушы” тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Тренинг мақсаты, бастауыш сынып оқушыларының өзара қарым-қатынасын жақсарту және танымдық процесін дамыту. Оқушыларға “Көңілді шеңбер”, “Артығын тап”, “Ұшқыр ой” әдістемелері жүргізілді. Оқушылар өздерінің өте алғыр екендерін көрсетті.
"Мұқағали-ақиық ақын"
07
ақпан
2024
"Мұқағали-ақиық ақын"
"Мұқағали-ақиық ақын" тақырыбында М.Мақатаевтың туғанына 93 жыл толуына орай қазақ тілі пәні мұғалімдері Ә.Кенжеғұлов, Ж.Жүнісова, С.Бегімбетовалардың ұйымдастыруымен "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысқан 5«Ә» сынып оқушылары, ақынның өлеңдерін жатқа айтып, өлеңдерінің мағынасын тереңірек ашып түсінді. Мұқағалидың өмірі мен шығармашылығына байланысты видеоролик көрсетіліп, Kahoot әдісі арқылы сұрақ-жауаптар болды. "Үш бақытым" әні орындалып, би билеп, күй
Ерекше қажеттілігі бар оқушыға педагогокалық қолдау көрсету
07
ақпан
2024
Ерекше қажеттілігі бар оқушыға педагогокалық қолдау көрсету
Мектебіміздің педагог-ассистенті Динара Умирзахова ерекше қажеттілігі бар оқушыға педагогокалық қолдау көрсете отырып, оқушының оқу процесіне бейімделуіне көмектесіп, техникалық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайларды қадағалайды. Баланың мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, онымен дамытушылық жаттығулар және әлеуметтік бейімделуі үшін жұмыстар жасауда.
АЛТЫН ТҮЛЕК" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ
06
ақпан
2024
АЛТЫН ТҮЛЕК" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ
"АЛТЫН ТҮЛЕК" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ Шымкент қаласы "Дарын" орталығының ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушылары Аллақұл Алия I дәрежелі диплом, Жұмағұл Асел  III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
“Мамандық таңдау-болашақты таңдау”
06
ақпан
2024
“Мамандық таңдау-болашақты таңдау”
Мектеп психологы Гүлмира Жұмахметова және практикант Санағұлова Ақниет 11”А” сынып оқушыларымен “Мамандық таңдау-болашақты таңдау” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың мамандық таңдауда мақсатын айқындап, зерттеушілік әрекетін іске асыру. Оқушылардың өзі таңдаған мамандық туралы білімін анықтау үшін рольдік ойындар ұйымдастырылды. Бұл ойында 11-сынып оқушылары Мирас пен Диана мықты маман иесі болудың ұшқыр ойларымен бөлісіп, алға шықты. Оқушылар тренингке өте белсенді
"ДосБолLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН СОЗ" АКЦИЯСЫ
01
ақпан
2024
"ДосБолLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН СОЗ" АКЦИЯСЫ
"ДосБолLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН СОЗ" АКЦИЯСЫ "Достық және мен" 1-ші ақпан күні “ДосболLike” акциясы аясында көтеріңкі көңіл-күй бағыты бойынша №68 жалпы орта білім беретін мектебімізде 3«Б» сынып жетекшісі Қ.Оразова “Достық және мен” тақырыбында танымдық сағат өткізді.
"ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
30
қаңтар
2024
"ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
"ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ  2 «Б» сынып жетекшісі Г.А.Коккузова оқушыларымен Тәрбие қазығы - «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында сынып оқушылары ұлттық құндылықтардың отбасында өрбитінінен хабардар болып, олар отбасы, ар-намыс, пайдалы тағамдар мен ұлттық сусындар, ұлттық рух тақырыптарына кеңінен тоқталып өтті. «Қымыз бен Кока-Кола» көрінісі қойылып, «Төрт ана» жас ұрпақтарға өз аманатын жеткізді.
"БІРТҰТАС ҰЛТ — БІРТҰТАС ӘСКЕР"
30
қаңтар
2024
"БІРТҰТАС ҰЛТ — БІРТҰТАС ӘСКЕР"
"БІРТҰТАС ҰЛТ — БІРТҰТАС ӘСКЕР"  Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, «Біртұтас ұлт — біртұтас әскер» жастарды әскери — патриоттық тәрбиелеу бағдарламасы аясында Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Тәжік-Ауған ЖҚ АБ ардагерлер қоғамдық бірлестігінің қатысуымен «Ерлік ұрпақ-ұраны» тақырыбында әскери —патриоттық, спорттық сайыс өткізілді. Сайысқа қатысқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің «ЖАС САРБАЗ» сыныбының оқушылары жүлделі
АҒЫЛШЫН АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
29
қаңтар
2024
АҒЫЛШЫН АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
АҒЫЛШЫН АПТАЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА     "English as global language" атты ағылшын апталығы аясында, ағылшын тілі пәні мұғалімі Чапаева Кулзия 9 «В» сынып оқушыларымен "Countable and uncountable nouns" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығушылығын арттыру. Оқушыларға зат есімді екі тілде меңгерту.
“ДосболLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН”
29
қаңтар
2024
“ДосболLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН”
“ДосболLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН” Республикалық акциясы аясында “Дос болайық”, “Адал дос”, “Ұлы тұлғалардың досы” тақырыбында әңгіме талқыланды. Сонымен қатар оқушылардың бойына “Досы жоқ адам - тұзы жоқ тағам”, “Сыйласу екі кісіге бірдей” ұранын ұстана отырып, ортақ мүдделер мен бірлескен қызмет негізінде бірігуді ұсынды. Барлық қатысушыларды адал достыққа, оның адам өміріндегі маңызын түсінуге шақырды.