Оқушыларға » Страница 28 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ДОСТЫҚ ЖӘНЕ МЕН"
26
желтоқсан
2023
"ДОСТЫҚ ЖӘНЕ МЕН"
"ДОСТЫҚ ЖӘНЕ МЕН" АТТЫ ТРЕНИНГ             Мектеп психологы Гүлмира Жұмахметова 5 “ә”  сынып оқушыларымен “Достық және мен” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: оқушылардың өзара қарым-қатынасын жақсарту, достықтың қадірін түсіндіру. Оқушыларға достық туралы сұрақтар қойылып, достық туралы мақал-мәтелдер айтылды. Сонымен қатар, өзара қарым қатынасты нығайту мақсатында бірігіп сурет салу тапсырылды. Оқушылар тренингке қызығушылықпен қатысып отырды.
"ЖЕҢІСІМДІ, ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЙМЫН!"
26
желтоқсан
2023
"ЖЕҢІСІМДІ, ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЙМЫН!"
"ЖЕҢІСІМДІ, ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЙМЫН!"            №68 жалпы орта білім беретін метебінде "Ұлттық мектеп лигасы" жобасы аясында "Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!" тақырыбында футзалдан 9-11 сыныптар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Мақсаты, жалпыазаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, салауатты өмір салтын ұстанған, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды 11"Ә", 2-орынды 11 "А", 3-орынды 9 "Б" сынып командалары иеленді. Ойыншыларға
"АТАНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІН АРДАҚТАУ - ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҰЖДАНЫ"
25
желтоқсан
2023
"АТАНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІН АРДАҚТАУ - ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҰЖДАНЫ"
"АТАНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІН АРДАҚТАУ - ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҰЖДАНЫ"              Тәуелсіз мемлекетімізде ата - бабамыздан қалған асыл мұраның бірі салт – дәстүрлерімізді сақтау. «Ұлдар кеңесі» аясында тарих пәні мұғалімі Н.Дүйсенбаев және математика пәні мұғалімі А.Айманов «Атаның  дәстүрлерін ардақтау – қазақ халқының ұлттық ұжданы»  тақырыбында 10-сынып оқушыларымен тарихи таным арттыру сабағын өткізді. Ұлттық кодты сақтауда қанымызға сіңіп, тұрмысымызға айналған салт-дәстүрдің маңыздылығы әңгіме
«МЕН БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ  ТАҢДАЙМЫН!»
25
желтоқсан
2023
«МЕН БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ТАҢДАЙМЫН!»
«МЕН БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ  ТАҢДАЙМЫН!»           Педагог-психолог Г.М.Шынтаева, педагог асистент Д.Умирзакова ерекше білімді қажет  ететін оқушыларға тренинг жұмысын жүргізді. Мақсаты: топты эмоционалдық біріктіру, эмоционалдық қатынас орнату, бір – бірін бөлектемеу. Оқушылардың әрқайсысының  өзіне тән ерекше қасиеттері бар екендігін  анықтап, өзін-өзі бағалауын арттыру.
"МЕЙІРІМ ЖҮРЕКТЕН БАСТАУ АЛАДЫ"
25
желтоқсан
2023
"МЕЙІРІМ ЖҮРЕКТЕН БАСТАУ АЛАДЫ"
"МЕЙІРІМ ЖҮРЕКТЕН БАСТАУ АЛАДЫ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ           «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 4«Ғ» сынып жетекшісі Д.Н.Сайдбек оқушыларымен «Мейірім жүректен бастау алады» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты, балалардың "Мейірімділік", "Қайырымдылық" құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
25
желтоқсан
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА           "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 4"ә" сынып жетекшісі В.Карибозова оқушыларымен "Мен оқыған кітаптар және менің сүйікті кейіпкерім" тақырыбында байқау өткізді. Мақсаты, оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, оқыған кітаптары туралы ой бөлісу. Кітаптың қаншалықты құнды, бағалы дүние екендігін түсіндіре отырып,  ұқыптылыққа, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
«БАЛАЛАР-ИНТЕРНЕТ-МЕДИА ҚАУІПСІЗДІК»
22
желтоқсан
2023
«БАЛАЛАР-ИНТЕРНЕТ-МЕДИА ҚАУІПСІЗДІК»
«БАЛАЛАР-ИНТЕРНЕТ-МЕДИА ҚАУІПСІЗДІК» Жаһандық құзіреттілік бойынша «Ақпараттық сауаттылық» атты 9-сынып оқушылар арасында зияткерлік олимпиадасы өткізілді. Сайыс барысында оқушылар интернет желісін қалай тиімді әрі сауатты пайдалану керектігі туралы білімдерін ортаға салды.
«ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ВЕЙП ТҰТЫНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ»
22
желтоқсан
2023
«ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ВЕЙП ТҰТЫНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ»
«ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ВЕЙП ТҰТЫНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ»             21.12.2023ж күні мектебімізде № 5 Қалалық Емхана жалпы тәжірибелік дәрігері  Танирбергенова  Айгерим Аширбаевнаның қатысуымен  оқушылар  арасында зиянды әдеттердің  алдын алу мақсатында, «Оқушылар арасында Вейп тұтынудың алдын алу»  және «Тыныс ал! Қозғалыста бол! Өмір сұр!» тақырыптарында профилактикалық акциясы өткізілді. Жиында  оқушыларға  Вейп тұтынудың  зияны, салдары  туралы кеңінен ақпарат беріліп, пайдалы кеңестер берілді.
"НАШАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС"
21
желтоқсан
2023
"НАШАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС"
"НАШАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС" АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ         8 "В" сынып жетекшісі А.Е.Тюльтебаева  оқушыларына «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Мақсаты, жасөспірімдердің есірткінің заңсыз айналымына қатысуының құқықтық салдарын түсіндіру.
«ҰБТ-ке СЕНІММЕН  БАРАЙЫҚ!»
20
желтоқсан
2023
«ҰБТ-ке СЕНІММЕН БАРАЙЫҚ!»
«ҰБТ-ке СЕНІММЕН  БАРАЙЫҚ!» АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ            Мектеп психологы Г.М.Шынтаева 11 "Ә"  сынып  оқушылармен "ҰБТ-ке сеніммен  барайық!" тақырыбында тренинг  жұмысын  жүргізді. Мақсаты: оқушылардың өзін тану арқылы, ҰБТ-ке жауапкершілікпен  қарауға, дайындықтары  барысында  өздеріне баға беру, дайындық  жұмыстарын арттыру, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стресті жеңуге жол көрсету, бойларына сенімділік орнату.