Оқушыларға » Страница 3 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
14
ақпан
2025
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
      Мектебіміздің «Қыз Жібек» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен 5, 6, 7 сынып қыздарына жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында «Қыз Жібек» қыздар ұйымының төрайымы М.А.Қосыбаева және ДТІЖО М.П.Альменова сөз алып қыздармен  тәрбиелік мәні зор әңгіме жүргізді, О.Салмуратова қыздарды сыпайылыққа, мейірімділікке тәрбиелейтін баяндама оқыды.        Мақсаты: ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре білген әдепті, инабатты, ата-баба дәстүрін білетін, иманды қазақ қыздарын қалыптастыру.  
"ОНЛАЙН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІК"
13
ақпан
2025
"ОНЛАЙН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІК"
      10«Ә» сынып жетекшісі Г.Құдиярова оқушыларымен «Онлайн ойындарының қауіптілігі және интернетке тәуелділік» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларға интернетке тәуелділіктің психологиялық, әлеуметтік және физикалық әсерлерін түсіндіру. 
"ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ" АТТЫ ҚАМҚОРЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
13
ақпан
2025
"ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ" АТТЫ ҚАМҚОРЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
     Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының 2025 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес №68 жалпы орта білім беретін мектебінің МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ұйымдастыруымен «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» атты қамқорлық жәрмеңкесі өткізілді. Өзін-өзі басқару фракция мүшелері белсене ат салысты.
«ПОЭЗИЯ ӘЛЕМІ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТКІЗІЛДІ
05
ақпан
2025
«ПОЭЗИЯ ӘЛЕМІ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТКІЗІЛДІ
                                «ПОЭЗИЯ ӘЛЕМІ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТКІЗІЛДІ       "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру барысында 6-сынып оқушылары арасында "Шабыт" жобасы бойынша  "Поэзия әлемі" тақырыбында шығармашылық кеш өткізілді.        Мақсаты: оқушыларды поэзия әлеміне терең бойлатып, өлең өнеріне деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз арқылы оқушылардың  рухани байлығын дамытып, тіл мәдениетін қалыптастыру.
"МЕНІҢ МІНЕЗІМ ҚАНДАЙ?" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
04
ақпан
2025
"МЕНІҢ МІНЕЗІМ ҚАНДАЙ?" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
                                  "МЕНІҢ МІНЕЗІМ ҚАНДАЙ?" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ        Мектебіміздің педагог-психологы Гүлмира Жұмахметова 9"А" сынып оқушыларына "Менің мінезім қандай?" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.      Мақсаты: әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым- қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.            Оқушылардың мінез-құлқын анықтау үшін "Есік" атты бейнеролик көрсетілді, онда
«ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕ ҚАУІПСІЗ ҚАДАМ» АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
04
ақпан
2025
«ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕ ҚАУІПСІЗ ҚАДАМ» АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
                         «ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕ ҚАУІПСІЗ ҚАДАМ» АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ      «4 ақпан – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет» күніне орай 8«Ә» сынып жетекшісі Мейрбекова Қарлығаш Жұмабекқызы оқушыларымен «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында сынып сағатын өткізді.      Мақсаты: оқушыларды интернеттегі қауіптермен таныстыру. Цифрлық қауіпсіздік ережелерін меңгерту. Жауапкершілік пен саналы интернет қолдануға тәрбиелеу. Өз әрекеттері үшін жауап беруді үйрету.
“МЕНІҢ ЕРТЕҢІМ" АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
31
қаңтар
2025
“МЕНІҢ ЕРТЕҢІМ" АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
                                      “МЕНІҢ ЕРТЕҢІМ" АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ      3 “Ә” сынып жетекшісі Станбекова Гүлайым Нағашбекқызы оқушыларына “Менің ертеңім” тақырыбында сынып сағатын өткізді.      Мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, “Отан-елдің анасы, ел - ердің анасы” дегендей жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
«ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ» АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
29
қазан
2024
«ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ» АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
«ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ» АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ Мектебіміздің  11”В ” сынып жетекшісі Т.О.Абдрашованың ұйымдастыруымен «Интернет алаяқтық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға  интернетті дұрыс пайдалану жолдары, оның зияны мен пайдасы туралы түсінік бере отырып, интернет желісіндегі әр түрлі  алаяқтықтың түрлерін түсіндіріп, алаяқтық психологиясымен таныстыра отырып, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру.
ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ
29
қазан
2024
ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ
ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайту, жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында, Тәжік-Ауған ұрыс қимылдарының ардагері Батыр шекарашы Батырханов Раджан Армиевич ардагер ағамыздың құрметіне, Тәжік-Ауған ардагерлері мен Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері бірігіп, N63 жалпы орта білім беретін мектебінде жас құтқарушылар  арасында жарыс өткізді. Аталған жарысқа
“ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕ ҚАУІПСІЗ ҚАДАМ”
24
қазан
2024
“ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕ ҚАУІПСІЗ ҚАДАМ”
“ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕ ҚАУІПСІЗ ҚАДАМ” АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ Информатика пәні мұғалімі Г.Тастанбекова 9”Г” сынып оқушыларымен «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларға цифрлық әлемнің мүмкіндіктері мен қауіптері туралы ақпарат беру, оларды интернет пен цифрлық құрылғыларды қауіпсіз және тиімді қолдануға үйрету. Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және заманауи технологияларды саналы әрі жауапты пайдалану дағдыларын қалыптастыру.Сабақ барысында