Оқушыларға » Страница 30 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Буллинг және кибербуллингтің алдын алу”
02
желтоқсан
2023
“Буллинг және кибербуллингтің алдын алу”
Мектеп психологы Г.Жұмахметова 5-6 сынып оқушыларына “Буллинг және кибербуллингтің алдын алу” тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Тренингтің мақсаты: оқушыларға “Буллинг, кибербуллинг деген не?, одан қалай қорғануға болатыны жөнінде түсіндіру. Оқушылар кері байланыс ретінде өз ойларымен бөлісті.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
01
желтоқсан
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА          "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8«Г» сынып оқушылары мен мектеп кітапханашылары Тахауи Ахтановтың "Күй аңызы" атты шығармасын өзара әңгімелеп, талқылады.          Мақсаты: Т. Ахтанов өмірі мен шығармаларына тоқталу. Қазақтың ұлыттық күй өнерінің құдіретін сезіне білуге, шығармалары арқылы әдеби білімдерін, өзіндік ой пікірін жүйелі жеткізуін, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, оқушыларды мейрімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
"ЖАҚСЫ КӨҢІЛ КҮЙ-ЖАН ШУАҒЫ"
30
қараша
2023
"ЖАҚСЫ КӨҢІЛ КҮЙ-ЖАН ШУАҒЫ"
"ЖАҚСЫ КӨҢІЛ КҮЙ-ЖАН ШУАҒЫ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ           Мектеп психологы Г.М.Шынтаева девиантты  мінез-құлықтағы   оқушылармен түзету-дамыту тренингін жүргізді.  Мақсаты: девиантты мінез-құлықты оқушылардың танымдық процестерін, мінез - құлықтарын зерттеу және олардың эмоцияналдық қарым – қатынастарын қалыптастыру. Логикалық ойлауды және шығармашылық қиял қабілетін байқауды дамыту.
"ЕРЛІК САБАҚТАРЫ"
28
қараша
2023
"ЕРЛІК САБАҚТАРЫ"
"ЕРЛІК САБАҚТАРЫ" АТТЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ                ҚР Қарулы күштері «Біртұтас ұлт - біртұтас әскер» бағдарламасы және #Біртұтас_тәрбие бағдарламасы аясында  мектебімізге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ардагері Онбаев Серікбай атамыз келіп, 5-8-10 сыныптарынан құрылған «Жас сарбаз», «Жас құтқарушы», «Smart сарбаз» оқушыларына «ЕРЛІК САБАҚТАРЫ» тақырыбында тәрбие жұмыстарын жүргізді.
«AQ BARS CUP TAEKWONDO»
28
қараша
2023
«AQ BARS CUP TAEKWONDO»
«AQ BARS CUP TAEKWONDO» ТУРНИРI         Таэквондодан «AQ BARS CUP TAEKWONDO» жасөспірімдер және балалар арасындағы өткен турнирге 14-15 жас аралығында 65 келі салмақта қатысқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 9«Г» сынып оқушысы Файзиев Абылайхан жүлделі II орын иеленіп, дипломмен марапатталды. Жеңіс құтты болсын!!!
“Zhibek zholy Kazakhstan”
28
қараша
2023
“Zhibek zholy Kazakhstan”
Түркі тілдес елдер арасында өткізілген “Zhibek zholy Kazakhstan” байқауына қатысқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Даулетжан Жандос аспаптық орындау жанры бойынша жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін ГРАН ПРИ жеңіп алып, Туркия елінің Стамбул қаласында өтетін байқауға жолдама алды. ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕҢГЕСІ — МЕНІҢ ӨМІРІМ ЖӘНЕ ҮМІТІМ!"
28
қараша
2023
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕҢГЕСІ — МЕНІҢ ӨМІРІМ ЖӘНЕ ҮМІТІМ!"
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕҢГЕСІ — МЕНІҢ ӨМІРІМ ЖӘНЕ ҮМІТІМ!"          Тарих пәні мұғалімі С.Анаркулова 7"Г" сынып оқушыларымен «Қазақстан Республикасының теңгесі— менің өмірім және үмітім!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты, оқушыларға ақша түрлері және оның шығу тарихы туралы таныстыру. Өз Отаны — Қазақстанға деген мақтаныш сезімін ояту. Еліміздің рәміздерін құрметтеуге баули отырып, ұлттық теңгемізді қастерлеуге үйрету.
"АДАЛДЫҚ — АТАДАН ҚАЛҒАН МҰРА"
22
қараша
2023
"АДАЛДЫҚ — АТАДАН ҚАЛҒАН МҰРА"
"АДАЛДЫҚ — АТАДАН ҚАЛҒАН МҰРА"           8«Б» сынып жетекшісі Г.Орунбаева оқушыларымен «Адалдық - атадан қалған мұра» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты, адалдық пен шындықтың адами қарым - қатынастағы мәнін түсіндіру. Оқушының бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу. Оқушыларға адам бойындағы асыл қасиеттерді таныта отырып, адамгершілікке, әдептілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
"МЕНІҢ АТА — АНАМНЫҢ МАМАНДЫҒЫ"
22
қараша
2023
"МЕНІҢ АТА — АНАМНЫҢ МАМАНДЫҒЫ"
"МЕНІҢ АТА — АНАМНЫҢ МАМАНДЫҒЫ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ            9«В» сынып жетекшісі Чапаева Кулзия оқушыларымен "Менің ата-анамның мамандығы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру,  мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
"ЕРКІН ТЫНЫС АЛ!"
21
қараша
2023
"ЕРКІН ТЫНЫС АЛ!"
"ЕРКІН ТЫНЫС АЛ!" ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЛЕШМОБЫ            Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде 20 қараша күні "Еркін тыныс ал!" жалпы Республикалық флешмобы өтті. Мақсаты, балалардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қолдау, жаман  әдеттерге балама ретінде физикалық белсенділік пен спортты насихаттау.