Оқушыларға » Страница 37 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"РИЗАШЫЛЫҚ-МЕЙІРІМДІЛІК БҰЛАҒЫ"
26
қаңтар
2023
"РИЗАШЫЛЫҚ-МЕЙІРІМДІЛІК БҰЛАҒЫ"
   "Ризашылық — мейірімділік бұлағы" жобасы аясында Қаратау ауданына қарасты жалпы орта білім беретін мекемелердің білім алушылары арасында өткен Ұлттық пікірсайыс турнирінің аудандық іріктеу кезеңінде №68 жалпы орта білім беретін мектебінің орыс лигасының жеңімпаздары Тулемет Санира және Орынбасар Әсия, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
«ТЕМЕКІ, ІШІМДІК ЖӘНЕ ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС – ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН ДЕРТ!»
24
қаңтар
2023
«ТЕМЕКІ, ІШІМДІК ЖӘНЕ ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС – ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН
    Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні №68 жалпы орта білім беретін мектебімізде 7"В" сынып оқушыларына темекі, ішімдік және есірткімен күрес туралы видеоролик көрсетіліп, “Нашақорлық қоғам дерті”, “Вейпинг дегеніміз не?”, “Темекі денсаулық дұшпаны” тақырыбында оқушыларға темекінің зияны туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында баяндама оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  
"ТЕМІРЖОЛ ҚАУІПТІ АЙМАҚ"
21
қаңтар
2023
"ТЕМІРЖОЛ ҚАУІПТІ АЙМАҚ"
  20.01.2023 ж. күні  мектебімізге Шымкент қаласының ст. ЖПБ  ППВ-ң қызмет инспекторы  полиция аға лейтенанты Е.Оразалиев және полиция аға сержанты Ш. Тұрсынәлі келіп, оқушыларға «Теміржол қауіпті аймақ» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"Қысқы демалыста он кітап оқу" акциясы
06
қаңтар
2023
"Қысқы демалыста он кітап оқу" акциясы
    Мектебімізде "Қысқы демалыста он кітап оқу" акциясы бойынша оқушылар демалыс кезінде  уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында кітап оқуда. Әр балаға кітап оқуына қолдау көрсетіп, әрдайым қолдап отыратын  ата-аналарымызға алғыс айтамыз. Кітапқұмар оқушыларымыз көп болсын!
Дублер күні өткізілді.
20
желтоқсан
2022
Дублер күні өткізілді.
   №68 жалпы орта білім беретін мектебінде дублер күні өтті. 10-11 сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Осымен мектебімізде дублер күні төртінші рет өткізіліп жатыр. Осы жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды: олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Тәңертеннен бастап мектепте ерекше атмосфера орнады, қыздар сәнді киініп, ұлдар костюмде осы күнді қызықты да, мазмұнды етіп көрсетуге тырысты.  Осы күні мектептегі тәртіп биік
«ТАЛАПҚА САЙ КӨШБАСШЫ»
15
желтоқсан
2022
«ТАЛАПҚА САЙ КӨШБАСШЫ»
     Оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту, көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін, оның этикалық нормаларды сақтауын қалыптастыру мақсатында мектеп директоры Г.А.Пржанова көшбасшылық қабілеті  бар оқушыларға тренинг  жүргізді. Тренинг барысында көшбасшылық қабілеттің де талапқа сай  болуына мән беру керектігі айтылып, бейнеролик  көрсетілді.
«Темекінің адам ағзасына зияны» тақырыбында ғылыми жоба қорғады.
10
желтоқсан
2022
«Темекінің адам ағзасына зияны» тақырыбында ғылыми жоба қорғады.
Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында 10«Б» сынып оқушысы Ермекова Айгерім сыныптастарының алдында «Темекінің адам ағзасына зияны» тақырыбында ғылыми жоба қорғады. Жобада оқушы темекінің түр-түрін айта келе, электронды темекінің адам ағзасына өте зиян екенін дәлелдеді.
Lesson study сабағы өткізілді.
06
желтоқсан
2022
Lesson study сабағы өткізілді.
    Химия пәні мұғалімі Мейрбекова Қарлығаш 9«Ғ» сынып оқушыларымен "Химиялық реакция теңдеуі бойынша қоспа құрамындағы заттың массасын анықтауға есептер шығару" тақырыбында Lesson study сабағын өтті. Сабақта өзіндік, топтық жұмыс, кеспе қағаздары, тест тапсырмалары орындалып, оқушылар сабаққа белсене қатысты.
«АРМАН КЕРЕК АДАМҒА»
03
желтоқсан
2022
«АРМАН КЕРЕК АДАМҒА»
  4«А» сынып оқушысы Ахметова Раяна "Армансыз адам—қанатсыз құспен тең" ертегісін айтып берді. Барынша оқушымызды қолдайық.......  Жарайсың Раяна!!!
"ҰБТ-КЕ СЕНІММЕН БАРАЙЫҚ!"
25
қараша
2022
"ҰБТ-КЕ СЕНІММЕН БАРАЙЫҚ!"
  Педагог-психолог Г.М.Шынтаева 11 «А,Ә,Б» сынып оқушыларына “ҰБТ-КЕ СЕНІММЕН БАРАЙЫҚ!” тақырыбында тренинг жұмысын жүргізді. Мақсаты, оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамыту, көңіл-күйін көтеру.