20
тамыз
2026
Шымкент қаласының «Сұңқар» жас жол инспекторлары командасы ЖЖИ слетіне қатысуда.
Слет аясында Қазақстанның әр өңірі мен ТМД елдерінен келген жас инспекторлар жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін, жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын, командалық бірлігін, тәртібі мен шеберлігін сынға салуда.
Байқаудың маңызды кезеңдерінің бірі велосипедті мәнерлеп жүргізу сайысы. Бұл кезеңде қатысушылар ептілік пен дәлдікті, велосипедті сенімді әрі шебер басқару қабілеттерін көрсетеді.
Сонымен қатар слет бағдарламасында жол қозғалысы ережелерін білу, жол қозғалысын реттеу, алғашқы медициналық көмек көрсету және жол қауіпсіздігі тақырыбындағы шығармашылық байқаулар қамтылған.
Слетке қатысу — «Сұңқар» командасы үшін Шымкент қаласының намысын абыроймен қорғап, өзге өңірлер мен елдерден келген жас инспекторлармен тәжірибе алмасуға, білімдері мен шеберліктерін шыңдауға берілген үлкен мүмкіндік.
«Сұңқар» командасына сәттілік тілейміз! Шымкенттің абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!