17
сәуір
2026
«Болашақ әлеміне саяхат» атты танымдық сағат өтті
2026 жылғы 16 сәуір күні Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде мектептің тәрбие жоспарына сәйкес, «Балалар әдебиеті» бағыты аясында «Болашақ әлеміне саяхат» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараны информатика пәнінің мұғалімі Е. Өмірзақ пен 2 «Ә» сынып жетекшісі К.А. Достаева бірлесе өткізді. Шара барысында оқушылар назарына ғылыми фильм ұсынылып, болашақ технологиялары, ғарыш әлемі және робот техникасы төңірегінде қызықты мәліметтер берілді.
Мақсаты: Оқушылардың қиялын ұштап, ғылым мен техникаға деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ балалар әдебиеті арқылы олардың болашаққа деген көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақ соңында оқушылар көрген туындылары бойынша талқылау жүргізіп, өздерінің болашақ туралы армандарымен бөлісті. Мұндай шаралар балалардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, ғылымға деген алғашқы қадамдарын жасауға шабыт береді.