25
мамыр
2026
«БІЛІМІМ — ОТАНЫМА!»
Мектебімізде 2026 жылдың 25 мамыр күні «БІЛІМІМ — ОТАНЫМА!» атты бітіруші түлектерге арналған мерекелік салтанатты іс-шара өткізілді.
Кеше ғана жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын аттаған түлектер бүгін алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қанат қақты. Мектеппен қоштасу – балалық шақпен қоштасып, жаңа өмірге нық қадам басудың алғашқы белесі. Бұл күн – әр түлектің жүрегінде мәңгі сақталатын ерекше сәт.
Ұстаздар шәкірттеріне тек білім беріп қана қоймай, адамгершілік пен адалдықты, жауапкершілік пен еңбекқорлықты бойларына сіңіре білді. Енді сол тәлім мен тәрбиені өмір жолында абыроймен алып жүреді деп сенеміз.
Алдарыңызда үлкен таңдау, жаңа орта, жаңа өмір жолы тұр. Қайда барсаңыздар да, жүректеріңізде үміт пен сенім, ақыл мен парасат серік болсын! Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болғай!
Туған елге, ата-анаға, ұстаздарыңызға және ел-жұртыңызға абырой әкелетін азамат болыңыздар!