Іс-шаралар » Страница 61 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
"20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ" САҒАТЫ
22
қазан
2022
"20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ" САҒАТЫ
   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы "Кел кітап оқимыз!" тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен өткізіліп жатқан "20 минуттық кітап оқу" сағаты бойынша 2«Б» сынып оқушылары жетекшісі Қ.Оразова, «Өнердің күші» ертегісін, 2«Ә» сынып оқушылары жетекшісі Л.Орынбаева «Түлкі мен тырна» ертегісін оқып, талқылады. Балалар ертегілер қамқор, мейірімді, адал болуға шақырады деп өз ойларын  ортаға тастады. Әрине, кітап оқу балалардың ой-өрісінің кеңеюіне зор үлес қосары анық.
"МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН"
22
қазан
2022
"МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН"
   "25 қазан Руспублика күніне" орай 6"Г" сынып жетекшісі Г.И.Анасова сыныбымен "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында оқушылар ұлттық рухымен патриоттық сезімін, еліне, жеріне, ұлтына, отанына деген сүйіспеншілігін сурет салу арқылы жеткізді.
"МЕЙІРІМДІЛІК-БАҚЫТ БАСТАУЫ" АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ
22
қазан
2022
"МЕЙІРІМДІЛІК-БАҚЫТ БАСТАУЫ" АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ
   Бүгін 22.10.22ж. мектебімізде "Үштік одақ: ата-ана -мұғалім-оқушы" арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында 9"Г" сынып жетекшісі Т.Абдрашова мен ата-ана Б.Мусаханова "Мейірімділік-бақыт бастауы" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар ата-аналармен қарым-қатынастары жайлы әңгімелеп, түрлі жағдаяттарға пікірлерін білдіріп, белсенділік танытты. Сонымен бірге "Мейірімділік шуағы" тақырыбында постер қорғап, сабақ соңын "Мейірімділік ағашын" өсірумен қорытындылады.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
22
қазан
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    "Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында "Кел, кітап оқиық!" тақырыбында 3"А" сынып жетекшісі А.Абдураимбекова Марк Твеннің "Батылдық" әңгімесі, 3"Г"сынып "Екі дос" әңгімесі және 3"Ғ" сыныбы Ы.Алтынсариннің "Жаман жолдас" әңгімесін талқылады. Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайту , шыншылдыққа, адалдыққа, достықты қадірлеуге үйрету. "Жақсы кітап-жан азығы" дегенде й оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыра білейік!
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
21
қазан
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 3"В" сынып жетекшісі К.А.Достаева «Кел, кітап оқылық!» тақырыбында «Бақша ағаштары» әңгімесін оқып, талқыласа, 3"Ә" сынып жетекшісі В.Карибозова оқушыларымен «Сауысқан мен көкек» ертегісін оқып, өз ойларымен бөлісті. 3"Б" сынып жетекшісі М.Атыхаева «Сиқырлы думан» атты ертегіні оқып, танысып талдау жасады. Бастауыш сынып оқушылары кітап білімді, ақылды, үздік болуға үйретеді деген ойларын бала тілімен жеткізе білді.
"АРТЫҚ БІЛІМ КІТАПТА" ТАҚЫРЫБЫНДА ЭССЕ БАУҚАУЫ ӨТТІ
21
қазан
2022
"АРТЫҚ БІЛІМ КІТАПТА" ТАҚЫРЫБЫНДА ЭССЕ БАУҚАУЫ ӨТТІ
    7-сыныптар арасында қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Н. Калмурзаева мен кітапханашы Л.Лауланбековалардың ұйымдастыруымен  "Артық білім кітапта" тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: білімнің кітап арқылы берілуін ұғындыру, оқушыларды білімді болуға, кітапты көп оқуға деген қызығушылығын арттыру. Байқау қортындысы бойынша жүйелі әрі сауатты жазған оқушылардың жазба жұмысы жүлделі орындармен марапатталады. Еліміздің мәртебесі асқақ, болашағы жарқын болсын!!!!
"КЕЛ, КІТАП ОҚИЫҚ!"
21
қазан
2022
"КЕЛ, КІТАП ОҚИЫҚ!"
  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кел, кітап оқиық!» тақырыбында 4"Д" сынып жетекшісі Ж.Тасболат оқушыларымен Ы.Алтынсариннің «Асыл шөп» әңгімесін оқып, талқылады. Оқушылар сабырлы боламыз, ашуланбаймыз деп,  балалық тілмен өз ойларын жеткізді. Әрі қарай "Иә-жоқ" ойынын ойнап, "Кітап сөрелерде жатқанды ұнатама?", "Кітап бетіне сызуға болама?", "Кітап жауын, суды ұната ма?" т.б  сұрақтарға жауап беру арқылы, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
19
қазан
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
     "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6"в" сынып жетекшісі Г.Акилова "Кітап-білім бұлағы" атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар С.Муратбековтың "Жусан исі" кітабын оқып, мазмұнын талқылады. Ашық сабақтың мақсаты: оқушылардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығын арттыру.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
19
қазан
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 6"Д" сынып жетекшісі П.Абенова мен ата-ана Тәтім Айжан біріге отырып "Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге!" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларды бiлiмдi болуға, кітапты  оқуға деген қызығушылығын арттыру арқылы, окушылардың  кiтапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ұқыптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, кітапханадан оқуға алған қызықты кітаптарындағы әңгімелерімен бөлісті.
"ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
19
қазан
2022
"ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
    10«А» сынып оқушысы Көптілеуова Ұлпанай анасы Бакбергенова Гулсим Султанаевнамен бірге сынып оқушыларына "Жасөспірімдер және зиянды әдеттер" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: оқушыларды түрлі зиянды әрекеттерден бойын аулақ ұстап, зорлық-зомбылыққа, құқық бұзушылыққа жол бермей, бір бірімен тату-тәтті тұруға, нағыз өз елін, тілін,  Отанын сүйетін  патриот, білімді, тәрбиелі  оқушыларды дайындау. Іс- шараға уақыт бөліп, белсене ат салысқан ата-анаға алғыс білдіреміз.