"Ерлік сабағы"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде 18 қараша күні 8-9 сынып оқушылары арасында Әскери Техникалық мектептің Тәрбие орынбасары Ардагер ағамыз Бекботаев Падсабек Беуботаевтың қатысуымен "Сағадат Нұрмұхаммедовтың ерлігі" тақырыбында "Ерлік сабағы" өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу.