Материалы за Сәуір 2024 года » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сәуір 2024 года
“ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІК”
30
сәуір
2024
“ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІК”
“ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІК” ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ Мектеп психологы Г.Жұмақметова 5 “г” сынып оқушыларына “Татулық пен бірлік” тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты, оқушылардың сыныптағы өзара қарым-қатынасын жақсарту. Көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.
“Education Copilot (Nearpod) бағдарламасы көмегімен сабақ жоспарын құру”
29
сәуір
2024
“Education Copilot (Nearpod) бағдарламасы көмегімен сабақ жоспарын
“Өрлеу” БАҰО АҚ Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының білікті маманы, тренер Баткаева Гүлнара Аскаровна өз тобымен көшпелі тәжірибелік сабағы аясында №68 жалпы орта білім беретін мектебіне келіп, физика-математика бірлестігі мұғалімдерінің “Education Copilot (Nearpod) бағдарламасы көмегімен сабақ жоспарын құру” тақырыбында өткен бір күндік сабақтарына қатысып, робототехника үйірмесінің жұмыстарын тамашалап, тәжірибелерімен алмасты.
“ОТБАСЫММЕН БІРГЕ ӨТКІЗГЕН ҚУАНЫШТЫ КҮНДЕРІМ!”
29
сәуір
2024
“ОТБАСЫММЕН БІРГЕ ӨТКІЗГЕН ҚУАНЫШТЫ КҮНДЕРІМ!”
“ОТБАСЫММЕН БІРГЕ ӨТКІЗГЕН ҚУАНЫШТЫ КҮНДЕРІМ!” АТТЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ “Жеткіншектің жеті жарғысы” жобасы аясында оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында, 8-сынып жетекшісі М.Исашова мен мектеп психологы Г.Жұмахметова “Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім!” атты ата-аналармен бірлескен іс-шара өткізді. Іс-шара барысында ата-аналар өз ойларын ортаға салды.
«ZHASYL EL», «EKO-BOLASHAK», «GREEN OASES», «Туған жердің бояулары»
29
сәуір
2024
«ZHASYL EL», «EKO-BOLASHAK», «GREEN OASES», «Туған жердің бояулары»
«ZHASYL EL», «EKO-BOLASHAK», «GREEN OASES», «Туған жердің бояулары» атты республикалық экологиялық акцияның жоспарына сәйкес биология пәні мұғалімдері Тюльтебаева Альмина және Ырзабай Жансая оқушыларымен мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты, оқушыларды еңбекке баулу, экологиялық тәрбиені насихаттау. Табиғатқа қамқорлықпен қарап, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
”МЕНІҢ ӘКЕМ - ЕҢ ЖАҚСЫ АДАМ”
28
сәуір
2024
”МЕНІҢ ӘКЕМ - ЕҢ ЖАҚСЫ АДАМ”
”МЕНІҢ ӘКЕМ - ЕҢ ЖАҚСЫ АДАМ” АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ "Өнеге әкелер таным клубы" мүшелері Нұртілес Дүйсенбаев және Ғалымжан Даулбаевтың ұйымдастыруымен "Әкелер күні" халықаралық мерекесі шеңберінде "Менің әкем - ең жақсы адам" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ мақсаты, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты отбасында әке орнының ерекшелігін ұғындыру. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
"МЕНІҢ АҒАШЫМ"
26
сәуір
2024
"МЕНІҢ АҒАШЫМ"
"МЕНІҢ АҒАШЫМ"   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N68 жалпы орта білім беретін мектебінде «Таза  Қазақстан» атты республикалық  экологиялық акциясының іс-шара жоспарына сәйкес «Менің ағашым» атты ағаш отырғызу  акциясын  жүргізді. Акцияға мектеп директоры Пржанова Гүлнұр Аскербекқызының басшылығымен мектеп ұжымы, ата-аналар және жоғары сынып оқушылары мектеп ауласына ағаштар отырғызды. Бұл тек қоғамдық пайдалы жұмыс емес, оқушылардың өздерінің туған мектебін, туған қаласын
“ОТБАСЫММЕН БІРГЕ ӨТКІЗГЕН ҚУАНЫШТЫ КҮНДЕРІМ!”
25
сәуір
2024
“ОТБАСЫММЕН БІРГЕ ӨТКІЗГЕН ҚУАНЫШТЫ КҮНДЕРІМ!”
“ОТБАСЫММЕН БІРГЕ ӨТКІЗГЕН ҚУАНЫШТЫ КҮНДЕРІМ!” АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ "Жеткіншектің жеті жарғысы" жобасы аясында математика пәні мұғалімі Г.Сагинбекова 9-сынып жетекшілері Г.Сауганова, Г.Чапаева, А.Абильдаева, Г.Құдияровалармен біріге отырып, сынып ата-аналарына отбасы туралы түсініктерін молайту мақсатында, «Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім!» тақырыбында тренинг сабақ өткізді. Тренинг барысында ата-аналарға ойын әдістері арқылы сұрақтар қойылды. Ата-аналар тақырыпқа қатысты өмірлік
“ОҚУ. БІЛУ. ЕСТЕ САҚТАУ”
25
сәуір
2024
“ОҚУ. БІЛУ. ЕСТЕ САҚТАУ”
“ОҚУ. БІЛУ. ЕСТЕ САҚТАУ” АТТЫ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ "23 сәуір - Дуниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні” мерекесіне орай мектебімізде 8-9 сынып оқушылары арасында "Оқу. Білу. Есте сақтау" атты іс-шара өткізілді. Шара барысында оқушылар өздерінің оқыған шығармаларымен бөлісіп, өзара талқылады. Мақсаты, кітап оқудың адам баласына берері мол екенін ұғындыру.
“ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАСӨРЕН”
25
сәуір
2024
“ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАСӨРЕН”
ОТАНДЫ ҚОРҒАУ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ПАРЫЗЫ “ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАСӨРЕН” жобасы аясында және әкелер мектебі, ұлдар кеңесі жоспарына сәйкес “Отанды қорғау әрбір азаматтың парызы” тақырыбында Түркістан облысы бойынша Германиядағы кеңес Әскерлерінің тобы мен Варшава келісім шарты Әскерінің тобы ардагерлерімен (ГКӘТ, ВКШӘТ) кездесу өткізілді. Кездесу барысында ардагерлер “Отанды қорғау отбасынан басталады” атты Ерлік сабағын жүргізді.
“СПОРТ - ДОСТЫҚ”
23
сәуір
2024
“СПОРТ - ДОСТЫҚ”
“СПОРТ - ДОСТЫҚ” АТТЫ ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ “ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАСӨРЕН” жобасы аясында 8-сынып оқушылары арасында “Спорт-достық” тақырыбында эстафеталық сайыс өткізілді. Эстафеталық сайысқа Түркістан облысы бойынша “Германиядағы кеңес әскерлерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы ардагерлері” (ГКӘТ, ВКШӘТ) келіп қатысып, жеңімпаздарды марапаттап, сый-сияпат ұсынды. Спорттық сайыс өткізудегі мақсаты: жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу, салауатты