"МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!" » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!"
27
мамыр
2024

"МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!"

"МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!" 
2024 жылдың 25 мамыр күні "МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!" атты бітіруші түлектерге арналған 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі өтті.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. 
Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық. Іс-шара барысында мектеп директоры Пржанова Гулнур Аскербекқызы мерекелік іс-шараны ашып, бітіруші жас түлектерге жүрек жарды ыстық лебізін білдірді.
Аталмыш мерекеге "Қамқоршылық кеңесінің"  төрағасы Құрманбек Жарқынбек Айдарбекұлы, Ата-аналар комитетінің төрайымы Аманбаева Қатира Арапбаевна,  Ардагер ұстаз Кенжебаев Құрбанәлі Мамырұлы, АМАНАТ партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшесі "Береке" бастауыш партиясының төрайымы Сәбитова Әлия Әліханқызы,  Ардагерлер кеңесшісі Қадырбеков Жұмағали Сейсенбекұлы қатысып, түлектерге өз алғыстарын айтып, керемет мерекелік іс-шараның куәсі болды.
Ендеше, бітіруші  түлектерімізге сәт-сапар тілейміз! Қанаттарың талмасын, жас түлектер! Ақ жол!


















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив