Материалы за Желтоқсан 2025 года » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Желтоқсан 2025 года
"Жау тылындағы бала"
30
желтоқсан
2025
"Жау тылындағы бала"
   "Кітап оқитын ұлт жобасы" бойынша тарих және география пәні мұғалімдері Н.Дүйсенбаев пен Н.Серкебаева 7"А" сынып оқушыларымен халық қаһарманы,жазушы Қасым Қайсеновтың"Жау тылындағы бала" повесін оқып талқылады. Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде, Украина жерінде ,жау тылында, партизандар қатарында болған он жасар қазақ баласының басынан кешкен қилы-қилы өмір соқпағы суреттеледі.Бұл шығарма – ерлік пен төзім, отаншылдық пен адамгершілік туралы терең ой салатын туынды. Оқушылар
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ ЖОБАСЫ»
25
желтоқсан
2025
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ ЖОБАСЫ»
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде  24.12.2025ж күні «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ ЖОБАСЫ» аясында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Н.Шанетова 10"А"-сынып оқушыларымен Төлен Әбдіковтің «Оң қол» шығармасын жан-жақты талдады.  Мақсаты:  Оқушылар әңгіменің тақырыбы, идеялық-көркемдік мазмұнын ашу. Кейіпкерлер мінезін ашу. Кейіпкерлер әрекеті арқылы адамгершілік, әділет, ар-намыс мәселелерін талдау. 
«Жас Ұлан» – ел ертеңіне жасалған сенімді қадам
19
желтоқсан
2025
«Жас Ұлан» – ел ертеңіне жасалған сенімді қадам
   Шымкент қаласы №68 жалпы орта білім беретін мектебінде 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Іс-шара барысында оқушылар ұйымның ережесімен танысып, елге, туған жерге адал болуға, Отанын сүюге ант берді. Галстук тағу рәсімі оқушылардың өміріндегі маңызды сәттердің біріне айналды. Бұл – жас жеткіншектердің елжандылық, ұйымшылдық және азаматтық жауапкершілікке алғашқы қадамы. Салтанатты жиын оқушылардың патриоттық рухын көтеріп,
"Саналы азамат” жобасы
19
желтоқсан
2025
"Саналы азамат” жобасы
  Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің дефектолог-логопеді Сагинбекова Ғазиза мектебімізде тұрақты жүргізіліп жатқан "Саналы азамат” жобасы аясында 5-6-7 сынып оқушылары арасында ерекше қабілетке ие оқушыларға арналған “Қимыл-қозғалыс ойындары” тақырыбында сайыс өткізді.  Сайыс мақсаты: оқушылардың  тапқырлық, ептілік және жігерлі қасиеттерін дамыту, ойын барысында бар дағдыларды дамыту, оларды шоғырландыру, жетілдіру ғана емес, сонымен бірге баланың
📢 ХАБАРЛАНДЫРУ! АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
19
желтоқсан
2025
📢 ХАБАРЛАНДЫРУ! АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
📌 Құрметті ата-аналар! Шымкент қаласы білім басқармасының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №415-н/қ бұйрығына сәйкес №68 жалпы орта білім беретін мектебінде Жаңа жыл мерекесіне байланысты: ❌ аниматорлар, мерекелік агенттіктер мен жеке студияларды шақыруға ❌ ақша жинауға ❌ сыйлық беру немесе алуға ❌ сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады. Аталған талаптарды бұзу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. 🖍️ Ұстаздар үшін ең үлкен сый — оқушылардың аман-саулығы, сапалы білімі
"ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ —  БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ"
18
желтоқсан
2025
"ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ — БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ"
   Шымкент қаласы №68 жалпы орта білім беретін мектебінде ұлттың мақтанышына айналған, қаһарман қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай "Ұлт мақтанышы — Бауыржан Момышұлы" тақырыбында "Әскери-патриоттық сайыс" іс-шарасы ұйымдастырылды.     "Жас сарбаз" сынып оқушылары әскери іс-қимыл әрекеттерін көрсетіп музыкалық арнауларын орындады. 9,10 сынып оқушылары арасында тартысты әскери-патриоттық сайыс өткізілді.  Қонаққа келген  Шымкент қаласының  Ардагерлер
ЖЕҢІСІМДІ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЙМЫН!
17
желтоқсан
2025
ЖЕҢІСІМДІ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЙМЫН!
  "Тәуелсіздік күні" мерекесі мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары арасында волейбол спорт түрінен "Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!" ұранымен жарыс ұйымдастырылып, өте қызықты әрі тартысты өтті.  Жарыс нәтижесі бойынша  І орын- 8"А" сыныбы, ІІ орын- 9"Ә" сыныбы,  ІІІ орын- 8"Ә" сыныбы иеленді.  Жеңімпаздар дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Мақсаты: ҚР Тәуелсіздігін дәріптеу, жас ұрпақтың бойына Отансүйгіштік рухты, ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру. Спорт арқылы салауатты
“Менің жерім-менің елім”
17
желтоқсан
2025
“Менің жерім-менің елім”
   Тәуелсіздіктің 34 жылдығына орай №68 жалпы орта білім беретін мектепте “Менің жерім-менің елім”  тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылар тәуелсіздік тақырыбына байланысты ашық аспан астында қалықтаған қыран құс, жайқалған жайлау, сарқыраған бұлақты бейнеледі. Оқушылардың жұмыстары әділ қазылармен бағаланып,жүлделі орындар берілді.
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы”
15
желтоқсан
2025
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы”
   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 12 желтоқсан күні “Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы” аясында 2“Ә” сынып жетекшісі К.А.Достаеваның  ұйымдастыруымен “Назар аударуды дамыту” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.   Жиналыстың мақсаты – ата-аналарға баланың зейінін дамыту жолдарын түсіндіру, үй жағдайында зейін тұрақтылығын қалыптастыруға көмектесетін әдіс-тәсілдермен бөлісу.   Іс-шара барысында ата-аналармен ашық диалог
“Абай-адамзаттың бүгіні мен ертеңі”
15
желтоқсан
2025
“Абай-адамзаттың бүгіні мен ертеңі”
    Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері арасында “Абай-адамзаттың бүгіні мен ертеңі” тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өтті. Абайдың қара сөздерін оқыту арқылы егеменді еліміздің сөз құдіретін түсіне білуі, мәдениетті сөйлей алуы, адамгершілік дәнін егуді мақсат етеді.