12
ақпан
2026
"Цифрлық қауіпсіздік және онлайн ортада баланы қорғау"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектептің 2 "А" сынып жетекшісі Абуова Г.Ж. ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының кезекті "Цифрлық қауіпсіздік және онлайн ортада баланы қорғау" тақырыбында тренинг өткізді.Тренингтің мақсаты – ата-аналарға онлайн ортадағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың қаупі туралы түсініктерін арттыру және оларды интернеттегі зорлық-зомбылықтан қорғау дағдыларын қалыптастыру.
Тренинг барысында келесі мәселелер қарастырылды:
Интернеттегі қауіп түрлері (кибербуллинг, алаяқтық, зиянды контент);
Жеке мәліметтерді қорғау;
Баланың экран уақытын реттеу;
Ата-ана бақылауы мен қауіпсіздік баптаулары;
Баламен ашық әңгіме жүргізудің маңыздылығы.
Қатысушыларға практикалық кеңестер беріліп, түрлі жағдаяттар талқыланып, пікірталас ұйымдастырылды. Ата-аналарға әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды. Тренинг соңында ата-аналар ғаламтордағы қауіпсіздік туралы көптеген ақпарат алғандарын және пайдалы болғандарын айтып, өз пікірлерін білдірді.