20
ақпан
2026
«Қызға қырық үйден тию»
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қыз Жібек» клубының төрайымы М.А.Қосыбаеваның ұйымдастырумен мектебімізде қыз балалардың тәрбиесіне арналған «Қызға қырық үйден тию» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – қыз баланың қоғамдағы орны, әдебі, инабаттылығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі туралы түсінік қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау. Н.Орынбекова әжеміз «Қазақ халқының қыз тәрбиесіне ерекше мән беретіндігі «Қызға қырық үйден тию» деген мақалдың мағынасы түсіндіріп, қыз баланың тәрбиесіне ата-ана ғана емес, бүкіл ауыл, қоғам жауапты екенін сөз етті.
Өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі Д.Аманкелді өзінің ой пікірін слайд арқылы түсіндірді. ДТЖЖО М.П.Альменова қыздардың жүріс-тұрысы, киім кию мәдениеті, сөйлеу әдебі, білімге ұмтылысы жөнінде өз пікірімен бөлісті.Сонымен қатар қазіргі замандағы қыз баланың рөлі, өзін-өзі құрметтеу, қауіпсіздік ережелері, достық қарым-қатынас мәдениеті талқыланды. Қыздар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап берді.
Жиналыс тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды өтті. Қыздар ұлттық салт-дәстүрді құрметтеу, әдептілік пен жауапкершілікті арттыру керектігін түсінілді.