Ақпарат » Страница 34 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ҮЗДІК БІЛІМ АЛУДЫҢ ЖОЛЫ!"
03
сәуір
2023
"ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ҮЗДІК БІЛІМ АЛУДЫҢ ЖОЛЫ!"
      Мектебімізде, №5 Қалалық емхана дәрігерлері Ұ.Қ.Қалмұрзаева мен Ж.Бижигитовалардың қатысуымен, «Қызылша ауруының алдын алу» және «Дұрыс тамақтану-үздік білім алудың жолы!» тақырыбында 8-11 сынып қыздарының арасында кезекті жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында қызылша ауруының өршуіне байланысты аурудың алдын алу жолдары, дұрыс тамақтанудың маңызы туралы кеңінен түсіндіріліп, слайдтар көрсетілді.
"ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІН БІРГЕ ОҚИМЫЗ!"
31
наурыз
2023
"ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІН БІРГЕ ОҚИМЫЗ!"
     "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушылардың көктемгі демалыс кезіндегі бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, мектебімізде "Әлем әдебиетін бірге оқимыз!" тақырыбында іс-шара жүргізілді. Оқушылар кітап оқуға деген қызығушылықтарын, ынтасын арттыра отырып, тіл байлықтарын дамытты. 
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра»
17
наурыз
2023
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра»
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра» деп Қадыр Мырза Әлі айтқанындай, қазақ халқы десе, ең алдымен еске түсетін атрибуттың бірі домбыра екені анық.  Домбыра – қазақ қазақ болғалы бірге жасасып келе жатқан көне саз аспабы Домбыра – қазақтың қуаныш пен қайғысын бөлісетін, мұңдасар, сырласар жан серігі болып келген және бола да бермек. Осыған орай , бүгін "КҮЙ КҮМБІРІ" атты республикалық домбырашылар челленджін Шымкент қаласының барлық  білім ордаларына жолдаймыз!
"БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН-АЛУ" ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
04
наурыз
2023
"БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН-АЛУ" ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
       Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсантағы №506 бұйрығымен білім беру ұйымдарында баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі жоспарға сәйкес №68 жалпы орта білім беретін мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында «Буллингтің алдын-алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты, кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың, баланы жәбірлеу(буллинг), баланы қорқыту, кемсіту, келемеждеу, қорлау сияқты заңға
"БОЛАШАҚ-КӘСІБИ МАМАНДАРДЫҢ ҚОЛЫНДА!"
02
наурыз
2023
"БОЛАШАҚ-КӘСІБИ МАМАНДАРДЫҢ ҚОЛЫНДА!"
     №68 жалпы орта білім беретін мектебінде 9-сынып оқушыларымен «Болашақ кәсіби мамандардың қолында» тақырыбында Шымкент қаласы білім басқармасының «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК мамандары келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты, оқушылардың білімді, білікті, бәсекеге қабілетті болуын дайындау.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БОЙЫНША ОҚУ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ
02
наурыз
2023
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БОЙЫНША ОҚУ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ
        Қазақстан Республикасында «Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті Азаматтық қорғаныс» ұранымен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ағымдағы жылдың 1-ші Наурыз күні «Азаматтық қорғаныс айлығы» тақырыбында сейсмикалық жаттығулар, эвакуациялық жинау, азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығулары ұйымдастырылып өткізілді.
"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың, ойынқұмарлықтың буллингтің, әлімжеттіктің алдын алу"
22
ақпан
2023
"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың,
     Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде бүгін, 2023 жылдың 21 ақпан күні білім беру ұйымдарында қауіпсіздік талаптарын сақтау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың, ойынқұмарлықтың, буллингтің, әлімжеттіктің алдын алу мақсатында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ ЮПБ-ның УПИ полиция аға лейтенанты Өмірзақ Мұхаммедәлі Айдарбекұлы және мектеп психологтары, тәрбие орынбасары және АӘД жетекшісінің қатысуымен жоғары 8-11 сынып оқушылар
Дүйсенбі күнгі таңғы ас мәзірі.
20
ақпан
2023
Дүйсенбі күнгі таңғы ас мәзірі.
Дүйсенбі күнгі таңғы ас мәзірі. 
ХАБАРЛАНДЫРУ! АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА📌
20
ақпан
2023
ХАБАРЛАНДЫРУ! АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА📌
Құрметті ата-аналар!  Ертең 21.02.2023ж күні мектебіміздің І-ші ауысым сабақтарына (сағат 8.15-13.15 аралығында) және 22.02.2023ж күні II-ші ауысым сабақтарына (сағат 14.00-18.30 аралығында) ата-аналар үшін "АШЫҚ ЕСІК" күнін жариялаймыз.  Мақсаты: балаңыздың сабақтағы тәртібін, сабақтарға белсене қатысуын, пәнге деген қызығушылығын және де тақырыптарды меңгеруін қадағалау.  Сабақтардың соңында (5 сабақтан кейін) акт залға жиналып, талқылауға қатысасыздар және тренинг өткізіледі.