"ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ — АЙБЫНДЫ ЖАСТАР" » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ — АЙБЫНДЫ ЖАСТАР"
02
ақпан
2024

"ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ — АЙБЫНДЫ ЖАСТАР"

ҚР Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық департаменті,  ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің өкілдері "ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ — АЙБЫНДЫ ЖАСТАР" тақырыбында ЕРЛІК САБАҒЫН өткізді. 
«Егемен елдің ертеңі — айбынды жастар» бағдарламасы аясында №68 жалпы орта білім беретін мектебіне  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі – подполковник - Бейсеков Дәулет Нариманұлы, ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің өкілі – майор Сыздықов Сәбит Серікбайұлы, «Жас Сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы -  Меңдіғалиев Мейірбек Оразұлы, «Жас Сарбаз» Республикалық әскери-патриоттық қозғалысының баспасөз хатшысы Ержанова Еңлік Ержанқызы келіп, «Жас Сарбаз» әскери сыныптарымен танысып, ЕРЛІК САБАҒЫН өткізді. Сонымен бірге, мектеп қабырғасында ашылған "Жас сарбаз— ұлы дала ұланы" мұражайын,  әскери оқу-жаттығу бөлмелерін аралап,  робототехника үйірмесіндегі жасөспірімдердің жұмыстарын тамашалап, оқушылармен әңгіме-сұхбат жүргізді. Ерлік сабағы әскери сынып оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. 
"Жас сарбаз" Республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Меңдіғалиев Мейірбек Оразұлы мектебімізде жүргізіліп жатқан "Жас сарбаз"  әскери-патриоттық қозғалысының жұмыстарына тәнті болғанын жасыра алмады. Ризашылығын білдіріп, мектеп әкімшілігіне алғысын айтты.





















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив