01
желтоқсан
2021
«Егемен елдің ертеңі – жас сарбаз» жас патриоттардың бірінші форумы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы Қарулы Күштердің Ұлттық әскери- патриоттық орталығында «Егемен елдің ертеңі – жас сарбаз» жас патриоттардың бірінші форумы өтті.
Жастарға әскери- патриоттық тәрбие беру жұмысын жетілдіру шараның басты мақсаты болды. Форум аясында «Айбын-2021» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылуы рәсімі және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Қорғаныс министрі атынан жас патриоттарға жарқын жеңістер мен лайықты нәтижелері үшін құттықтауларды генерал – лейтенант Марат Құсайынов жеткізді.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Айбын» жиыны дарынды балалардың, мақсатқа жетуге ұмтылған жастардың, елдің нағыз патриоттарының басын қосты.
Бұл Форумға Шымкент қаласының намысын қорғаған №68 ЖОББМ-нің "СҰҢҚАР " командасы да онлайн қатысты.
Онлайн жиыннан соң Шымкент қаласының әдістемелік орталығының директоры М.Медетбекова "Айбын-2021" ІІV Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысқан команданың барлық жас сарбаздарға Қалалық Білім басқармасының басшысы Ж.А.Тажиеваның Алғыс хатымен марапаттады.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасында кезеңдер бойынша жүлделі бірінші орын алған Әліхан Жансая, Дат Нұршаттық (тоғызқұмалақ), Аллақұл Әлия, Тәліп Назым (алғашқы медициналық көмек кезеңі бойынша) оқушыларымызға Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы полковник А. Тлеухановтың Алғыс хаты табысталды.