19
ақпан
2025
«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР- БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Балаларды тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың рөлін айқындау, пән сабақтарына енгізу, ұлттық салт-дәстүрлерді, мәдени мұраны, әдеп-ғұрыптарды қазіргі заманғы тәрбие жүйесіне қолдану, ұрпақ бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында мектеп қабырғасында «Ұлттық құндылықтар-бала тәрбиесінің қайнар көзі» тақырыбында ауданаралық әдістемелік-тәжірибелік семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Үш кезеңнен тұратын бағдарлама ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған үйірме жұмыстарының таныстырылымымен басталып, химия және биология пән мұғалімдерінің ұлттық құндылықтарды пәнге енгізу бойынша ашық сабақтарымен жалғасты. Даналық мектебі клубының аясында әкелер мектебі, әжелер, жеңгелер мектебі бойынша жұмыс жасап келе жатқан мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы әдістемелік орталығының әдіскері Гүлнайра Сүлейменова және де Еңбекші, Қаратау ауданы мұғалімдері кері байланыс жасап, өз ойларын ортаға салып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды деген баға берді.