МЕКТЕБІМІЗДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ІЛГЕРІЛЕТУ МАҚСАТЫНДА САБАҚТАР ӨТКІЗІЛУДЕ » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕБІМІЗДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ІЛГЕРІЛЕТУ МАҚСАТЫНДА САБАҚТАР ӨТКІЗІЛУДЕ
23
ақпан
2026

МЕКТЕБІМІЗДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ІЛГЕРІЛЕТУ МАҚСАТЫНДА САБАҚТАР ӨТКІЗІЛУДЕ

   Шымкент қалалық білім басқармасының әдістемелік орталығы тарапынан 2026 жылғы 02 ақпан күні жолданған №296 шығыс хатына сәйкес, Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен білім басқармасы бірлесе отырып әзірлеген мемлекеттік қызметтік құндылықтарды ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында 2026 жылғы 20 ақпан күні кәсіптік бағдар беруші маман Хайрова Майнур Ертаевна, жахандық құзыреттілік ұйымдастыруымен «Қазақстандағы мемлекеттік қызмет: миссия және құндылықтар» тақырыбында сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты-оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік, заңға құрмет секілді адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру және жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын нығайту болып табылады. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшінің этикалық қағидалары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халыққа қалтқысыз қызмет ету мәселелері кеңінен талқыланды.

Оқушыларға мемлекеттік қызмет-бұл тек мамандық қана емес, ел алдындағы үлкен сенім мен жауапкершілік екені түсіндірілді. Сонымен қатар, адал еңбек пен кәсібиліктің қоғам дамуының негізгі кепілі екендігі атап өтілді. Сынып жетекшілері оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырып, түрлі жағдаяттық сұрақтар арқылы олардың ой-пікірлерін тыңдап, талдау жүргізді.

Сабақ барысында бітіруші түлектер болашақ мамандықты таңдауда адамгершілік құндылықтарды басты назарда ұстау керектігін түсініп, мемлекеттік қызмет саласына деген қызығушылықтарын білдірді. Олар қоғам игілігі жолында адал қызмет ету-әрбір саналы азаматтың парызы екендігін атап өтті.







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив