20
ақпан
2026
«Қоғам игілігіне қызмет ету – жас ұрпақтың мақсаты»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасына сәйкес, жастарды мемлекеттік қызметке тарту және ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында мектебімізде Кәсіптік бағдар беру педагогы М.Е.Хайрованың ұйымдастыруымен және 11-сынып оқушыларының қатысуымен арнайы іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызы, оның құндылықтары, мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, жас ұрпақты елге адал қызмет етуге, жауапкершілік пен патриоттық рухқа тәрбиелеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызмет саласы туралы тың мәліметтер алды. Мұндай тағылымды шаралар жастардың болашақ мамандықты саналы таңдауына және ел дамуына үлес қосуға деген ынтасын арттырары сөзсіз.