19
қыркүйек
2022
«Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы» атты іс-шарасы өткізілді.
Мектебімізде Қазақстан халқы тілдері күні және Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ағылшын тілі бірлестігінің «Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы» атты іс-шарасы өтті. Өнерлі оқушыларымыз қазақ және ағылшын тілінде өлең-жырлар оқып, ән шырқады. Сонымен қатар ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұргүл Абдиқалиқызы шараға қатысқан оқушылар арасында ойын ұйымдастырды. Осы күні біз қолданып жүрген көптеген лингвистикалық атауларды ғылымға енгізген – Ахмет Байтұрсынұлы. Ойынның шарты бойынша оқушылар сол атауларды дұрыс тауып әрі сол сөздің ағылшынша аудармасын да айтуы тиіс болды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар сыйлықтармен марапатталды. Ұлт ұстазын ұлықтаған өнерлі жастар «Қырық мысал» аудармалар жинағынан «Қайыршы мен қыдыр» өлеңін сахналады. Қанағат пен қайырым, адамдық пен адалдық адаммен бірге жасап келе жатқан асыл қасиеттер. Кішігірім көрініс арқылы оқушылар сол қасиеттерді қастерлеуге шақырды.




