ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, ОҚУШЫЛАР, АТА-АНАЛАР! Бүгін – «Абай күні». 10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күні. » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, ОҚУШЫЛАР, АТА-АНАЛАР! Бүгін – «Абай күні». 10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күні.
10
тамыз
2023

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, ОҚУШЫЛАР, АТА-АНАЛАР! Бүгін – «Абай күні». 10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күні.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады», – деп дара перзенттің даналық орнын айқындап көрсеткен еді.

Расында ұлы ақын өз шығармаларында насихаттаған еңбексүйгіштік, білімге деген құштарлық, ізгілік пен парасатқа зейін қойып, тәрбие алу – бүгінгі күні алға қойған міндеттердің бірі. Хакім Абай айтқан ізгі құндылықтар өміршеңдігін жоймақ емес.

«Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» деген сөзімен өзіне ескерткіш қалап, ұрпағына өшпес өнеге, өлмес білімді асыл мұра етіп қалдырған ұлы Абай әлемі – шексіз әлем.

Ендеше, баршаңызды мəн-маңызы жоғары, рухани мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив