«АҚЫН - ЕЛДІҢ АРДАҒЫ» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
желтоқсан
2022

«АҚЫН - ЕЛДІҢ АРДАҒЫ»

   Бүгін мектебімізде «Ақын - елдің ардағы» деген атпен ақын, жазушы, түркі әлемінің жазушылар одағының мүшесі, қаламгер Мухтарова Марғуба Мұхтарқызы кездесу кеші болып өтті. Мақсаты, өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру болды. «Тағдырыма егіз дүние», «Тау қызымын» және «Жырым сен едің» атты бөлімдерден тұрған кездесу кешінде  ақынның өмірі, еңбек жолы мен шығармашылығы туралы айтылып, тәлім алар, тағылымы мол істері туралы презентацияны тамашалады. Кешке қатысқан оқушылар мен ұстаздар қаламгерге өз сұрақтарын қойып ақыннан шынайы жауап ала алды. «Тау қызымын» атты екінші бөлімде жырсүйер шәкірттер ақын шығармашылығы бойынша әдеби монтаж қойып, өлеңдер оқыды. Соңғы бөлімде ақындық өнерге бетбұрыс жасап жүрген жас шәкірттер ақынға өз арнауын арнады. Кездесу барысында мектептің өнерлі оқушылары «Балбырауын», «Ордабасы» күйлерін әсерлі орындап, қатысушылардың ойын сергіте білсе, көркемсөз оқу шебері Марғуба Мұхтарқызы мәнерлеп оқудың амал-тәсілдерінен мастер класс көрсетті. Тамаша кеш соңында мектеп директоры Г.А.Пржанова ақын шығармашылығына ерекше табыс тілеп, жүрекжарды тілектерін жаудырды. Сый-сияпаттарын тапсырып, құрмет көрсетті. Ақын өз кезегінде жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, ұйымдастырушыға, және өз өнерімен тәнті еткен оқушыларға жыр кітаптарын сыйға тартып, білім ордасына ақ тілегін арнап, оқушылармен естелікке суретке түсті.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив