Іс-шаралар » Страница 14 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ"
18
наурыз
2025
"НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ"
    Наурыз - көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбиелейтін ұлттық мейрамымыз. Осы  орайда 4«Ә» сынып жетекшісі Орынбаева Лаззат Наурыз мерекесіне орай «Наурыз-жыл басы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.      Тәрбие сағатының мақсаты: қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру, ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу, ұйымшылдылыққа, өнерге баулу.
“PISA-2025 СЫНАҒЫ” ТУРАЛЫ АТА - АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
17
наурыз
2025
“PISA-2025 СЫНАҒЫ” ТУРАЛЫ АТА - АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
     Мектеп директоры Гүлнұр Пржанова, ДОІЖО Пернехан Альжанов және педагог-психолог Гүлмира Жұмахметовалар “Pisa -2025 сынағы” туралы осы сынақты тапсыратын оқушылардың ата-аналарына, оқушыларға және жауапты мұғалімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тренинг өткізді.           Мақсаты: осы сынақ туралы жалпы түсінік беру ата-аналар балаларына қолдау көрсетуге ықпал жасау.       Тренинг барысында бейнеролик көрсетіліп талдау жасалды, оқушылардың сынақтан жинаған ұпайларының диаграммасы
"ОЙ МЕН ОЙЫН" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
17
наурыз
2025
"ОЙ МЕН ОЙЫН" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
      2"В" сынып жетекшісі Б.Сманова оқушыларымен "Ой мен ойын" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.       Мақсаты: оқушылардың ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, еркін сөйлеуге баулу, өз бетімен жұмыс жасау арқылы білімдерін арттыру. Топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа,  белсенділікке, жауапкершілікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
🌸 "КӨКТЕМ АРУЫ – 2025" БАЙҚАУЫ 🌸
15
наурыз
2025
🌸 "КӨКТЕМ АРУЫ – 2025" БАЙҚАУЫ 🌸
    Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай 7-сынып оқушылары арасында "Көктем аруы – 2025" байқауы өткізілді.      Мақсаты: қыз баланың сұлулығын, зеректігін, өнерін дәріптеу. Мәдени және ұлттық құндылықтарды насихаттау,  қазақтың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын көрсету арқылы ұлттық рухты көтеру.
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
14
наурыз
2025
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7"Д" сынып жетекшісі Серкебаева Назгул  оқушыларымен детектив жанрының әлемге әйгілі өкілдерінің бірі Жорж Сименонның "Менің досым Мегрэ. Коронердің қонағы" шығармасын оқу арқылы талдау жасады.     Мақсаты: оқушыларды балаларға арналған шетел шығармаларымен таныстыру және қызықтыру.
"АБАЙ ЖӘНЕ МЕН" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
13
наурыз
2025
"АБАЙ ЖӘНЕ МЕН" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
     Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Елгондиева 7«Г» сынып оқушыларымен «АБАЙ ЖӘНЕ МЕН» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.      Мақсаты: қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармаларын зерттеу, оның ой-толғамдары мен өмірлік ұстанымдарын тереңірек ұғындыру. Абайдың адамгершілік, білім, еңбек және әділдік туралы ойларын талдай отырып, оқушылардың жеке тұлға болып дамуына ықпал ету.
“ҰБТ-ҒА ТИІМДІ ДАЙЫНДАЛАМЫЗ!" ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
13
наурыз
2025
“ҰБТ-ҒА ТИІМДІ ДАЙЫНДАЛАМЫЗ!" ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
    Мектебіміздің педагог-психологы Гүлмира Жұмахметова 11-сынып оқушыларына “ҰБТ-ға тиімді дайындаламыз!” атты тренингін жүргізді.           Мақсаты, ҰБТ-ға  дайындалу барысында оқушыларда болып жатқан қиындықтарды анықтау, қобалжуды басуға кеңес беру.      Тренинг барысында оқушыларға  дайындықтың тиімді тәсілдері көрсетілді, қобалжуды басуға арналған ойындар және тыныс алу  жаттығулары жүргізілді. Оқушылар өздеріне түсініксіз болып жатқан тұстарын сұрап, өз ойларын ашық білдіріп, пікір
"АНАНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ"
13
наурыз
2025
"АНАНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ"
    1"Ә" сынып жетекшісі К.Достаева оқушыларымен “Ананың аялы алақаны” атты сынып сағатын өткізді.       Мақсаты: жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
"ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАЙТЫН ӘДЕТТЕР" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
12
наурыз
2025
"ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАЙТЫН ӘДЕТТЕР" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
  Математика пәні мұғалімі  Калмуратова Айгуль Усипбековна 5«Б» сынып оқушыларымен «Денсаулықты сақтайтын әдеттер» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.      Мақсаты: оқушыларға денсаулықтың маңыздылығын түсіндіріп, оны сақтау үшін пайдалы әдеттер туралы білім беру. Жеке бас гигиенасын сақтау,  дұрыс тамақтану,  спортпен шұғылдану, таза ауада серуендеу сияқты дағдыларды күнделікті өмірде қолдануға ынталандыру.     
"АНА - ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
12
наурыз
2025
"АНА - ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
    Бастауыш сынып мұғалімі Д.Н.Сайдбек 1"В" сынып оқышыларымен "Ана - өмірдің шуағы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.     Мақсаты: оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.     Тәрбие сағаты барысында оқушылар өлең шумақтары мен нақыл сөздер айтып, ән шырқады. Аналарына арнап ашықхаттар жасап, өз алғыстарын білдірді.