Іс-шаралар » Страница 8 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мюнстерберг» және  "Артықты жою" әдістемелерін алды.
02
желтоқсан
2025
«Мюнстерберг» және "Артықты жою" әдістемелерін алды.
   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің  арнайы педагогі    2 сынып оқушыларының когнитивті дағдыларын, зейінін, есте сақтау қабілеттерін және оқуға деген мотивациясын бағалау және оқу материалдарын меңгеру деңгейін, оқу дағдыларын және тақырыптарды түсіну қабілеттерін анықтау мақсатында  «Мюнстерберг» және  "Артықты жою" әдістемелерін алды.  Мақсаты: 2 сынып оқушыларының оқу және танымдық қабілеттерін, оның ішінде оқылым, жазылым және ойлау
”  Қарым-қатынас -мәдениеттің айнасы”
28
қараша
2025
” Қарым-қатынас -мәдениеттің айнасы”
   Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жоббм педагог-психологы Гүлмира Жұмахметова ”  Қарым-қатынас -мәдениеттің айнасы” тақырыбында 11 “А” сынып оқушылары арналған психологиялық тренинг өткізді.  Тренинг мақсаты: оқушылармен жағымды  қарым-қатынас орната білуге,  адамдармен жақсы тіл табыса алуға үйрету және өмірге қызығушылығын арттыру, өмірдің ғажап екенін бірге талқылау. Тренинг барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп ой-толғау болды. Сонымен қатар, “Қарым қатынас барысында
«Спорт және салауатты өмір салты»
28
қараша
2025
«Спорт және салауатты өмір салты»
   Шымкент қаласы №68 жалпы орта білім беретін мектебінде Өзін-өзі басқару ұйымының «Спорт және салауатты өмір салты» франциясының ұйымдастыруымен "ДосболLIKE" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Спорт – сенің серігің» атты 9-сыныптар арасында эстафеталық жарыс өткізілді.     Іс-шараның мақсаты – оқушылардың дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын ояту және достық қарым-қатынасты нығайту.   Іс-шара барысында оқушылар түрлі спорттық
"ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАРСЫҢ! "...
27
қараша
2025
"ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАРСЫҢ! "...
  №68 жалпы орта мектебінде "Саналы Азамат" жобасы аясында  "Шынықсаң шымыр боласың! " айдарымен   дене шынықтыру пәні мұғалімі Диаз Бегалиевтің ұйымдастыруымен 5-7 сыныптардың жобаға қатысушы оқушыларының арасында спорттық эстафеталық сайыс ұйымдастырылды.    Эстафеталық жарыс кезеңдеріне сай балалар қаппен жүру, себетке доп лақтыру, арқан тартыс сынды түрлі спорттық сайыстарға қатысып бақ сынады. Жарысқа қатысқан үш топтың ішінде "Жалын"  тобының асығы алшысынан түсіп жеңімпаз атанды.
«Ағылшын тілі – жаһандық қарым-қатынас тілі»
26
қараша
2025
«Ағылшын тілі – жаһандық қарым-қатынас тілі»
   Мектебімізде «Ағылшын тілі – жаһандық қарым-қатынас тілі» атты онкүндік жоспары бойынша өткізілген іс-шаралар оқушылардың тілдік құзыреттілігін, коммуникативтік дағдыларын және ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеу қабілетін дамыту, жаңылтпаштарды айту арқылы фонетикалық дағдыларын жетілдіру және мақал-мәтелдер арқылы тілдік және мәдени мағыналарды түсінуін тереңдету. Сонымен қатар, оқушылардың сөздік қорын
”Сізге қандай мамандық лайық”
21
қараша
2025
”Сізге қандай мамандық лайық”
   Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жоббм педагог-психологы Г.Жұмахметова ”Сізге қандай мамандық лайық” тақырыбында 10 сынып оқушылары арналған психологиялық тренинг өткізді.  Тренинг мақсаты: оқушыларға  өздеріне қандай мамандық сай келетінін бірге анықтау және қазіргі кезде қандай мамандықтар талап етілетінін бірге талқылау. Тренинг барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп ой-толғау болды. Сонымен қатар, “Сізге қандай маиандық лайық?” “Мен таңдаған мамандық” тақырыптарында
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ ЖОБАСЫ»
13
қараша
2025
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ ЖОБАСЫ»
  №68 жалпы орта білім беретін мектебінде  11.11.2025ж күні «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ ЖОБАСЫ» аясында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Н.Шанетова 10"А" сынып оқушыларымен Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» шығармасын жан-жақты талдады.  Мақсаты:  Оқушылар әңгіменің тақырыбы, идеясын, сюжетін талдау. Кейіпкерлер мінезін ашу. Кейіпкерлер әрекеті арқылы адамгершілік , әділет, ар-намыс мәселелерін талдау. Қорғансыздық, әділдік, адамгершілік ұғымдарына көзқарас қалыптастыру.
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде  11.11-20.11.2025 жылы аралығында орыс тілі және әдебиет бірлестігінде "Язык -мост дружбы " онкүндік іс -шара аталып өтілуде.
12
қараша
2025
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде 11.11-20.11.2025 жылы
   №68 жалпы орта білім беретін мектебінде  11.11-20.11.2025 жылы аралығында орыс тілі және әдебиет бірлестігінде "Язык -мост дружбы " онкүндік іс -шара аталып өтілуде.  Мақсаты : Қазақстан халқының бірлігін,мемлекеттік тілдің маңыздылығын және ұлтаралық мәдениеттердің өзара сыйластығын нығайту.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
12
қараша
2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
   Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының басталғаны белгілі. "Таза Қазақстан" акциясы аясында аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. «Таза өлке» ұранымен  №68 жалпы білім беретін  мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі химия-биология пәнінің мұғалімдері Д.Қаратаева мен К.Мейрбекова және 9 "Ә" сынып оқушылары ерікті түрде қатысып тазалық акциясы өткізілді. Акция  барысында, гүл, тал көшеттерін отырғызу және мектептің
"ДЕМАЛЫСТА КІТАП ОҚИМЫЗ"
07
қараша
2025
"ДЕМАЛЫСТА КІТАП ОҚИМЫЗ"
   Мектебімізде "ДЕМАЛЫСТА КІТАП ОҚИМЫЗ" жобасы аясында ұйымдастырылған қазақ тіліндегі  “Ұлы дала ертегілері” тақырыбында ұйымдастырылған ертегілермен М.К.Килыбаева 1 В сынып оқушыларымен ертегілерді жан-жақты талдады. Мақсаты:кітап оқуға баулу, оқыған кітаптары туралы ой бөлісу, кітаптың қаншалықты құнды, бағалы екенін түсіндіру, көркем сөйлеуге үйрету.