03
қазан
2022
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП - МҰҒАЛІМНІҢ ЕҢ ЕТЕНЕ КӘСІПТІК БЕЛГІСІ.
Педагогикалық кеңес әдебінің төрағасы А.Аймановтың ұйымдастыруымен жас мамандар арасында "Педагогикалық әдеп - мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. А.Айманов ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп, педагогикалық әдептің ерекшеліктері жайлы айта келе, педагог қызметінде өз пәнін жетік білу және оқытудың әдіс-тәсілдерін жақсы меңгеру маңызды ма, әлде оның педагогикалық мәдениеті мен өмірлік ұстамы маңызды ма? - деген сұрақты ортаға тастады. Жас мамандар сұрақ төңірегінде әр түрлі пікір айтып, өз ойларымен бөлісті. Іс - шараға қатысқан ардагер ұстаз Г.Бекайдарова өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға сәттілік тіледі.



