16
қараша
2026
🎓 «МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»
2026 жылғы 13 қараша күні №68 жалпы орта білім беретін мектептің бітіруші сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру педагогі М.Е. Хайрованың ұйымдастыруымен Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өткен «Мамандыққа қадам – болашаққа бағдар» атты ашық есік күніне қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға кәсіби бағдар беру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру, университеттің білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ұсыну және болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру.
Кездесу барысында оқушылар университеттің тыныс-тіршілігімен, білім беру мүмкіндіктерімен және түрлі мамандықтармен танысты. Сонымен қатар жоғары оқу орнына түсу талаптары, білім беру бағдарламалары мен болашақ кәсіби даму бағыттары жөнінде құнды мәліметтер алды.
Мұндай кездесулер жас түлектердің кәсіби таңдау жасауына, өз қызығушылықтары мен қабілеттерін саралап, болашаққа сенімді қадам басуына зор ықпал етеді.
✨ Дұрыс таңдалған мамандық – жарқын болашақтың бастауы!